Құдайдың Ғажайып Құтқару Жоспары
Әлемнің жарығы
Киелі кітап Құдайдың сөзі, мәңгілік ақиқат. Ол жаратылыстың басталуын, адамның Құдайға мойынсұнудан бас тартуын, және күнәнің кесірінен келген қасірет жайлы баяндайды. Сонымен қатар ол Құдайдың адамға деген сүйіспеншілігінен оны құтқарып алуға жасаған жоспары жайында айтады. Ол Құтқарушының дүниеге келуі жайында, Оның адамзаттың күнәлары үшін құрбан болуы және адамның құтқарылуы үшін қайта тірілгені жайында айтады. Кім осы хабарға сенетін болса соның күнәлары кешірілетін болады, жанына тыныштық, барлық адамдарға деген сүйіспеншілік, күнәнің үстінен билік, және мәңгілік өмірге деген тірі үміт қабылдайды.
Құдайдың тамаша жаратылысы
Әлемді жаратушы Құдай, әрдайым бар болған. Ол барлық жерде бар, Ол құдіретті және асқан дана. Барлық нәрсе Оның ұлы құдіреті арқылы жаратылды. Құдай су жамылған осы жерді жаратты, және: «су бір жерге жиналып, құрлық көрініп тұратын болсын» - деді, және солай болды. Ол таулар мен алқаптарды жаратты және олардың беттерін шөптермен, әдемі гүлдермен, және ағаштың алуан түрімен жайды. Ол түрлі-түрлі әуендер салатын құстарды жаратты. Құдай барлық жануарларды жаратты, жазық дала мен ормандарды мекендейтін алыптары мен кішкентайларын, сонымен қатар жәндіктерді және жерде тіршілік ететін бауырымен жорғалаушыларды жаратты. Ол өзендер мен мұхиттарды, және ол жерде тіршілік ететін барлық жаратылыстарды жаратты. Ол адамдардың барлық нәсілдері өмір сүре алатын құрлықтарды жаратты. Құдай жарық пен жылу беріп тұратын күнді жасады және түнде сәулесін төгетін айды жаратты. Ол аспанды мыңдаған әдемі, жарқыраған жұлдыздармен безендірді. Барлығынан кейін, Құдай жердің топырағынан адамды қаластырып жасады. Ол адамның мұрнына тіршілік лебін үрледі, және адам тірі жан болып шыға келді. Құдай оны адам деп атады.
Құдай адамның көмекшіге мұқтаж екендігін байқады, сондықтан оны терең ұйқыға батырды. Содан кейін Құдай адамның бір қабырғасын алып әйел жасап шығарды. Адам Хауаны сүйді және ол да Адамды сүйді. Екеуі тамаша қарым-қатынаста болды. Бұл Құдайдың отбасына байланысты жоспары болған.
Құдай жүргізген жарату жұмысының бәрін алты күнде аяқтады, және жетінші күні тынықты. Ол жаратқандарының бәріне қарап, өте жақсы екендігін көрді. Құдай жетінші күнге батасын беріп, оны адам үшін демалыс күні деп жариялады.
Мына сөзді жалғастырыңыз: Құдайдың Ғажайып Құтқару Жоспары
Киелі кітап бізге аспаннан құлаған Шайтан немесе әзәзіл деп аталатын періште жайында айтады. Ол аспаннан қуылған және барлық зұлымдық атаулының себепшісі. Оның кесірінен әлемге өкініш, қайғы-қасірет, ауру және өлім келді.
Қайғылы Күнәнің Басталуы
Құдай Адам мен Хауаны сүйді. Өмір сүрсін деп оларға тамаша бақ орнатты. Ол Едем бағы деп аталды. Адам сол бақтың өңдеушісі болды. Осы бақта оларға жеуге болатын көкөністер мен жемістердің көптеген түрлері болды. Ол жерде «жақсылық пен жамандықты танытатын ағаш» деп аталатын бір ағаш өсіп тұрды. Құдай адамға сол ағаштың жемісін жеуге болмайтындығын айтты, өйткені сол ағаштан жеген күні ол шынымен өлетін болады. Бір күні шайтан Хауаға келіп оған өтірік айтты. Ол: «Сендер шынымен өлмейсіңдер... сендер жақсы мен жаманды білетін құдайлар сияқты боласыңдар.» (Жаратылыстың бастауы 3:4-5)
Осы тамаша ағаштың жемістеріне қарағанда, ол жеуге жақсы және өзін ақылды етуге қызықтырып тұрғанын көрді. Ол бір жемісін алып, Адаммен де бөлісіп, және екеуі де содан жеді. Бірден олар өздерін жүректерінде өте айыпты сезіне бастады. Осылай бұған дейін ешқашан сезінбеген еді. Олар бір нәрсені өте дұрыс емес істегенін түсінді. Олар мойынсұнбағандықтарын ойлағанда бір-бірінен ұялды. Құдаймен кездесу жайында ойлағанда олардың жүректерін қорқыныш жайлай бастады. Солай олар бақтың ағаштарының арасына жасырынып қалды.
Қоңыр салқын самал соққан кезде, Құдай адамды шақырып: «Сен қайдасың?» - деді. Олар Құдайдан жасырынып қала алмайды, сондықтан Оның қасына келіп өздерінің дұрыс емес істегендеріне көздері жетті. Құдай Өзінің жарлығына мойынсұнбау қандай үлкен күнә екендігін түсіндірді. Олардың осы мойынсұнбаушылықтарына бола жазалануға тиіс екендігін айтты. Енді олар ауырпашылық пен бақытсыздықты бастан кешетін болады. Енді олар өмір сүрулері үшін жұмыс істеу керек болды. Олардың денелері қартайып тозатын болады. Олар өліп, топыраққа қайта оралатын болады.
Олар осы керемет бақтан қуылғаннан кейін, Құдай мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаштан жей алмаулары үшін керуб деген періштелерді және жүзінен от шашып, әрі-бері қозғалып жарқылдап тұрған бір семсерді қойды. Олар күнәнің салдарының қандай екендігін және қандай қайғы әкелетінін түсінді.
Күнәнің өкінішті салдары
Адам мен Хауа Құдайға мойынсұнбай күнә жасағандары үшін қатты өкінді. Олардың күнәларына қарамастан Құдай оларды әлі де сүйді. Ол адамзатты азат ететін Құтқарушыны жіберуді уәде етті.
Адам мен Хауадан туған алғашқы екі ұлдары Қабыл мен Әбіл болды. Бір күні олар Жаратқан Иеге сый тартуларын алып келді. Қабыл өзі айналысқан жемістерінен алып келді. Әбіл өзінің отарынан таңдаулы тоқтыны алып қанын төгіп құрбандыққа шалды. Әбілдің құрбандығы Құдайға ұнамды болды, алайда Қабылдың құрбандығына немесе өзіне риза болған жоқ.
Қабыл Әбілдің құрбандығы Құдайға ұнамды болғанын байқағанда, жүрегін қызғаныш пен жек көрушілік баурап алды. Содан кейін бір күні екеуі бірге далада болғанда, Қабыл бас салып өзінің інісі Әбілді өлтірді. Құдай Қабылдан: «Інің Әбіл қайда?» - деп сұрады. Қабыл шындықты айтқысы келмей: «Білмеймін, мен інімнің күзетшісі ме едім» - деді. (Жаратылыстың басталуы 4:9) Қабыл Құдайдың берген нұсқауларына мойынсұнған жоқ. Құдай оны Әбілді өлтірместен бұрын дұрыс іс істесең қабылданасың деп ескерткен болатын. Ол өзінің көз қарасын өзгертіп бауырын жақсы көргенде ғой! Қайтадан, күнә адамды Құдайдың қасынан ажыратып жіберді. Қабыл кезбе қашқынға айналды.
Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен Өзінің Ұлын берді
«Бүгін Дәуіттің қаласында сендердің Құтқарушыларың дүниеге келді, Ол — Иеміз Мәсіх!» (Лұқа жазған Ізгі хабар 2:11)
Әбіл қайтыс болып Қабыл үйінен кеткеннен кейін, Адам мен Хауа тағы бір ұлды болды. Оның есімі Сет болды. Сет Құдайды құрметтейтін адам болды. Құдай Сеттің ұрпағын жарылқады. Олар Құдайдың бір күні оларды азат ететін Құтқарушы жайындағы тамаша уәдесін естіді. Әсіресе Ыбырайым, Құдайға сенді сондықтан Құдайдың досы деп аталды. Ыбырайымға ұрпақтары арқылы жердегі барлық отбасылар жарылқанатыны жайында айтылды.
Көп жүздеген жылдардан кейін Құдай әлемге Құтқарушы жіберемін деген Өз уәдесін орындады. Бұл, Яһудеядағы Бетлехем атты кішкентай қалашығында ғажайып жолмен іске асты. Сол жердегі қорада, пәк қыз Мәриям бала босанды. (Лұқа жазған ізгі хабар 2:1-7) Періште Мәриямға нәрестенің есімін Иса (Құтқарушы) деп қою керек екендігін айтты. Ол Адамдарға Құдай жайында көптеген нәрселерді айтатын ұлы ұстаз болады. Иса басқа да балалар іспетті өсті. Он екі жасында Ол Құдай сөзін Иерусалимнің көптеген докторлары мен дін мұғалімдерінен бетер жақсы түсінді. Ол заңдар мен пайғамбарлардың барлығын білгендей болды. Ешкім Ол жауап бере алмайтындай сұрақ қоя алмады.
Иса Өз халқының мұқтаждықтарына үлкен ықыласпен қарады. Ол отыз жасқа толған кезде ғибадатханаларда тәлім бере бастады. Бір күні Ол Көне өсиеттегі келе жатқан Мәсіх жайындағы пайғамбарлық сөзді оқып берді. Ол оқып болғаннан кейін, адамдарға қарап: «Сіздер естіген осы сөздер бүгін орындалды» - деді. (Лұқа жазған ізгі хабар 4:21). Ол халыққа билігі бар адамдай тәлім берді. Ол Құдай патшалығының жақындағаны жайында, және осы Патшалыққа ену үшін күнәларға өкініп тәубеге келу керек екендігі жайында тәлім берді. Ол адамдарды Құдайға шындап бойұсынып сиынуды үйретті. Ол тәккапарларға және күнәларына бола сенімі жоқтарға сөгіс берді, және жарлы-жақыбайларға сүйіспеншілік жайында Ізгі хабарды жариялады.
Иса Мәңгілік Өмір Ұсынады.
Иса былай деген: «Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады.» (Жохан жазған Ізгі хабар 11:25)
Иса Құдайдан жіберілген Құтқарушы екендігін дәлелдейтін көптеген кереметтер жасады. Ол аурударды сауықтырды, соқырларды көретін етті, кереңдерді еститін етті, жындарды қуып шығарды және өлілерді қайта тірілтті. Ол судың бетімен жүрді және теңіздің дауылын бір сөзімен тоқтатты. Ол інжір ағашына сөз айтты, және келесі күні оны тамырымен кеуіп қалған күйінде тапты. Ол бес күлше нан мен екі балықты алып бес мыңнан астам ашыққан адамдарды тамақтандырды. Барлығы тамақтанып тойғаннан кейін, ол жерде әлі де он екі себет тамақ қалды. Оның бұйыруымен балықшылар себеттерін салғанда өте көп балық аулай алды. Бір күні Иса денесін алапес басқан он кісіні кездестірді, олар Исаның құдіреті жайында көп естіген болатын. Олар қатты дауыстап: «Иса, Ұстаз, бізге қайырым қыла көріңіз» - деп жалынды. Оның сөзімен олар сауығып кетті.
Ол қалада болсын немесе далада жол жүрумен болсын, әр күні Исаның соңынан үлкен тобыр еріп жүрді. Адамдар Оның мейірімді сөздерінен, ізгілігінен, жанашырлығынан және жасаған кереметтерінен жарылқау қабылдады.
Ол адамдарға Өзінің Құдайдың Ұлы екендігін және сол Құдай Оның Әкесі екендігі жайында айта бастады. Оның сөзіне сенген әркім жарылқанды. Оған сенгендерге, олардың Құдайдың балалары екендігін айтты.
Иса Өзінің шәкірттеріне: «Енді сол жерден сендер үшін орын дайындауға бара жатырмын. Барып, дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін.» - деді. (Жохан жазған Ізгі хабар 14:2-3) Аспандағы бұл жер барлық шынайы сенушілерге арналған.
«Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар!» (Матай жазған Ізгі хабар 25:34)
Иса біздің күнәларымыз үшін құрбан болды
«Олар «Маңдайтөбе» деген жерге жеткен соң, Исаны айқыш ағашқа керіп шегелеп іліп, көтеріп қойды.» (Лұқа жазған Ізгі хабар 23:33)
Дін мұғалімдері мен парызшылдар Исаға және Оның іліміне өте наразы болды. Ол олардың адамдардан даңқ іздейтінін және заңсыз ақша табумен айналысып жүргендіктерін жиі әшкерелейтін. Исаның артынан көптеген адамдар еріп, Оған сеніп, Оны мадақтағандықтан олар Исаға үлкен қызғанышпен қарады. Олар адамдардан Исаны өздерінің патшасы етіп қояды деп қорықты.
Олар халықтың Исаға деген сенімдерін жоғалтып алулары үшін, Оны бір нәрсені дұрыс емес айтқызып немесе істеткізгісі келді, алайда Иса олар үшін тым дана болды. Исаның даңқы әйгілі бола түскеніндей олардың жек көрініштері мен ашулары өсе берді. Мұның үлкейгені сонша, олар Исаны өлімге апаратын жоспар құрды.
Олар Исаны сотқа апарып Оған зұлымдық жасаушы және Құдайға тіл тигізуші деген айып тақты. Оған қарсы көптеген жалған куәліктер келтірді. Содан кейін Оны Яһудеяның римдік басшысы Понти Пилатқа алып келді. Пилат Исадан ешқандай айып таба алмады, сондықтан Оны босатып жіберуді ұйғарды. Алайда Исаға айып тағушылар ашулы тобырға айналып: «Айқышқа шегеле Оны, Айқышқа!» - деп айқай салды. Пилат олардың ашулы айқайлары мен қоқан лоқыларын көргенде, олардың талаптарына көніп Исаны қолдарына тапсырды. Олар Исаны алып басына тікенді тәж кигізді, және Оны патша деп атап келекеледі. Олар Исаның бетіне түкіріп Оны аяусыз ұра берді. Ақыр соңында, Оны айқыш ағашқа шегелеп өлуге қалдырды.
Жүздеген жылдар бұрынғы Әбілдің құрбандыққа ұсынған тоқтысы істпетті Иса жазықсыз күйі өлімге кесілді. Әбіл өзінің тоқтысын құрбандыққа шалуы әлемнің күнәсі үшін құрбан болған Құдайдың Тоқтысының бейнесі болды. Көне заманның пайғамбарлары да Исаның қиналып өлетіні жайында алдын ала айтқан болатын. Шомылдырушы Жақия былай деген: «Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»!» (Жохан жазған Ізгі хабар 1:29) «Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.» (Жохан жазған Ізгі хабар 3:16)
Иса бізді азат ету үшін өлімнен қайта тірілді
«Ол мұнда жоқ, Өзі алдын ала айтқандай қайта тіріліп кетті! Бері келіп, Иенің жатқан орнын қараңдар!» (Матай жазған Ізгі хабар 28:6)
Исаның өліп қабірге қойылғаннан кейінгі үшінші күні, бұл аптаның бірінші күні болатын, бірнеше әйелдер Оның денесіне май жағу үшін қабірге келді. Бұл таң сәріде болғандықтан, қабірдің бос болғандығына таңырқап қалды. Исаның денесі ғайып болды! Олардың жүректері абыржып қалды. Кенеттен, араларынан жарқыраған киімді екі періште тұра қалып: «Тіріні өлілердің арасынан неге іздейсіңдер? Ол мұнда жоқ, қайта тіріліп кетті!» - деді. (Лұқа жазған Ізгі хабар 24:5-6)
Олар тездетіп барып, көргендері мен естігендері жайында шәкірттеріне жеткізуге асықты. Шәкірттер олардың әңгімелеріне сенген жоқ, сондықтан Петір мен Жохан көздерін жеткізуге жүріп кетті. Оларда қабірді бос күйі тапты. Олар ішіне кіріп қарағанда, кебінді және Исаның басын ораған жапқыштың жиналған күйі жатқанын ғана көрді. Олар осыларды көргеннен кейін әйелдердің айтқандарына сенді. Сол күннің кешінде шәкірттер бірге жиналды, және Яһудилерден сақтанғандықтан есіктерін бекітіп қойды. Кенеттен Иса олардың араларында тұра қалып: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын» - деді. Ол шәкірттеріне шаншылған қолын және бүйірін көрсетті. Олар Тәңірді көрген соң қатты қуанып Оның айқыш ағашта шегеленген және өлімнен тірілген Иса екендігіне сенді. Осыдан кейін Иса қайта тірілгенінің толық растауы ретінде Өзін көптеген адамдарға көрсетті.
Исаның өлімнен тірілген таңы, әлі де тарихта болған ең айтулы таңдардың бірі болып келеді. Сол күні, Құдайдың керемет құтқару жоспары аяқталды. Осы құтқару жоспары Құдайдың рақымымен Исаның өліп қайта тірілуіне деген сенімдерінің арқасында адамдардың жүректері мен өмірлерінің өзгеруіне ықпалын тигізді. «Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!» (Қорынттықтарға арналған екінші хат 5:17) Енді Исаны жүрегіне қабылдап Оның соңынан толық өмірлерімен мойынсұнып ерген әркім қайта тіріліп Аспанда мәңгілік өмір сүретін болады. Иса былай деді: «Мен қайта тірілемін, сондықтан сендер де мәңгілік өмірге ие боласыңдар.» (Жохан жазған Ізгі хабар 14:19)
Осы хабар сіздің жүрегіңізге сөйледі ме? Сіздің жауабыңыз қандай болады? Сіз тәубеге келіп Ізгі хабарға сенуді қалайсыз ба? «Исадан басқа ешкім де бізді (Құдайдың қаһарынан) құтқара алмайды! Аспан астында бізді құтқаратын басқа ешкімнің есімі адамдарға бұйырылмаған!» (Елшілердің істері 4:12) Кейінге қалдырмаңыз. Исаға бүгін келіңіз.