Сен үшін дос
Иса сенің досың
Менің досым бар. Ол менде бұрын-соңды болған достардың ең жақсысы. Оның мейірбан және шынайы болғаны соншалық, сенің де Оны білгеніңді қалаймын. Оның есімі Иса. Тамаша жағдай мынада, Ол саған дос болғысы келеді.
Ол жайында саған айтып беруіме рұқсат етуіңді сұраймын. Біз бұл оқиғаны Киелі кітаптан оқимыз. Киелі Кітап шынайы. Ол Құдайдың сөзі.
Құдай әлемді және ондағының барлығын жаратқан. Ол аспан мен жердің Тәңірі. Ол барлығына өмір және тіршілік лебін берді.
Мына сөзді жалғастырыңыз: Сен үшін дос
Иса Құдайдың Ұлы. Құдай Оны аспаннан жерге біздің жеке Құтқарушымыз болу үшін жіберді. Құдай әлемді, сені және мені сондай қатты сүйгендіктен Өзінің жалғыз Ұлы Исаны біздің күнәларымыз үшін құрбан болуға жіберді. Киелі кітапта Оған сенген әркім жаны тозаққа түспей мәңгілік өмірге ие болады деп айтылған.
Иса жер бетіне кішкентай нәресте болып келді. Оның жердегі әкесі мен анасы Жүсіп және Мәриам болды. Ол қорада туылып, шөп салатын ақырға жатқызылды.
Иса Жүсіп пен Мәриамның қолында өсті және оларға мойынсұнды. Оның бірге ойнайтын қарындастары мен інілері болды. Ол Жүсіпке ұсталық шеберханасында көмектесті.
Иса есейіп ер жеткенде, адамдарға Өзінің көктегі Әкесі жайында айта бастады. Ол адамдарға Құдайдың оларды сүйетінін көрсетті. Ол ауруларды сауықтырып жапа шеккендерге жұбаныш әкелді. Ол балалардың досы болды. Ол балалардың Өзіне жақын болғанын қалады. Ол балаларға уақыт бөлді. Балалар болса Исаны жақсы көрді және Оның қасында болуды ұнатты.
Кейбір адамдар Исаны жақсы көрген жоқ. Олар Оған қызғанышпен қарады, тіпті жек көрді. Олар Исаны жек көргені соншалық, Оны өлтіргісі келді. Бір күні олар Исаны айқыш ағашқа шегелетіп өлтірді. Иса ешқандай жамандық жасамаған еді. Ол біздің орнымызға құрбан болуға тиіс болды, өйткені сіз және мен жамандық жасадық.
Исаның оқиғасы Оның өлімімен аяқталған жоқ. Құдай Оны өлімнен қайта тірілтті! Оның шәкірттері Оны көрді. Және бір күні Ол көкке қайта оралды.
Бүгін Ол сізді көріп және ести алады. Ол сіз жайында барлығын біледі және сіздің қамыңызды ойлайды. Тек Оған мінәжатпен келсеңіз болғаны. Ол сізге көмектесуге дайын. Сіз басыңызды иіп, кез келген жерде, және әр уақытта Онымен тілдесе аласыз.
Бір күні Ол қайтып келеді! Ол Оған сенуші әркімді Өзімен бірге аспандағы мекеніне алып кетеді.