Мазасыз әлемдегі Жан тыныштығы

Peace

«Тыныштық – Біздің халқымыздағы, үйіміздегі, және бәрінен бұрын өзіміздің жүрегіміз бен ой санамыздағы тыныштық қайда?! Осы үміті үзілген айқай көптеген ғасырлар бойы жалғсып келді. Бұл сіздің жүрегіңіздің де айқайы ма?

 

Адамдар шаршаған және күйзелген. Еш күмәнсіз бұл жерде бағыт-бағдар мен кеңеске деген, қауіпсіздік пен сенімділікке деген мұқтаждық бар. Жанымыздың тыныштығын қалаймыз және соған мұқтажбыз.

Мына сөзді жалғастырыңыз: Мазасыз әлемдегі Жан тыныштығы

 

Жан тыныштығы – не деген қазына! Осы қазынаны жанжал мен қажушылық, ретсіздік пен тынышсыздыққа толы әлемде табуға болады ма?

 

Ғаламат ізденіс басталды! Көптеген адамдар тыныштықты әйгілі болудан және кездейсоқ сәттіліктен, ләзаттану мен күштіліктен, сауаттылық пен білімнен және неке құрудан іздейді. Олар бастарын біліммен, амияндарын ақшамен толтырғысы келеді, ал жандары болса бос күйінде қала береді. Басқалары болса өмірдің шынайылығынан нашақорлық пен ішімдік арқылы қашады, алайда олар іздеген тыныштық жеткізбей кетеді. Олар әлі де бос және жалғыз, әліде мазасыз әлемде мазасыз саналарымен қалады.

Әбігерлікке түскен адам

Құдай адамды жаратты, және кемелді тыныштықта рақаттанып, қуаныш пен бақытқа кенеле алуы үшін тамаша бағына орнықтырды. Алайда Адам ата мен Хауа ана мойынсұнбаған кезде, олар бірден кінәлі сезіммен жараланды. Осыған дейін Құдайдың қатысуын аңсап тұратын жерде, енді ұяттан өздерін жасырды. Кінәлі сезім мен қорқыныш енді олар білген тыныштық пен бақыттың орнын жаулап алды. Адамның күнәсі осы күйбелең әлемнің, және жан мазасыздығының бастауы болды.

 

Біздің жанымыз Құдайды аңсағанмен, біздің күнәкар болмысымыз Оның жолына қарсы шығады. Осы ішіміздегі келіспеушілік шиеленісу мен қайғы-қасірет тудырады. Егерде біз, Адам ата мен Хауа ана іспетті, ынта қалауларымызда өзімшіл болсақ, біз күйбелең және ашушаң күйге түсеміз. Неғұрлым өзімізге көп көңіл бөлсек, соғұрлым мазасыз бола бастаймыз. Өмірдің анықсыдығы және өзгеріп, құрып бара жатқан әлем біздің қауіпсіздігімізді шайқап және тыныштығымызды бұзады.

 

Өзіңіз байқамасаңызда немесе сізге білінбесе де, сіздің мазасыздығыңыздың себепшісі күнәда болуы мүмкін. Көптеген адамдар тыныштықты сырттан және материалдық нәрселерден іздейді. Олар күйбелең әдемді өздерінің мазасыздығына кінәлі деп айыптайды. Алайда олар өздерінің жүректеріне қарауға шамалары келмейді.

Иса Мәсіх, Тыныштықтың Патшасы

Өміріміздің әр саласы бізді Жаратқан және бізді Түсінетін Біреумен үйлесімділікке келмей тыныштыққа жете алмаймыз. Бұл Мәсіхке толық мойынсұну арқылы ғана мүмкін. Ол әлемнің Иесі ғана емес, сондай ақ Ол біздің өмірімізді басынан аяғына дейін біледі. Ол осы әлемге келгенде біз жайында ойлады, «Ажал төндірген түнектегі біздерге Ол Өзінің шапағатты нұрын төгеді, Һәм бізді бейбітшілік жолына жетелейді» (Лұқа 1:79)

 

Иса түнекке жарық, жапа шеккендерге тыныштық, қиналғандарға қуаныш және өлімге өмір ұсынады. Ол Жохан жазған ізгі хабар 14:27 -де былай деген: «Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар».

Тәубеге келу Жан Тыныштығын Әкеледі

Күнәнің ауыр жүгі сізді басып қалғанын сезінгенде, оның емі тәубеге келуіңізде деп біліңіз... және күнәларыңыздан тазаруыңыз үшін Құдайға бет бұруыңыз (Елш. Іст. 3:19) Иса сізді осы аса мағыналы, өміріңізді өзгертетін тәжірибеге шақырады. Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, Еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің, Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін! (Матай 11:28) 1 Жохан 1:9 былай деп уәде береді: Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады. Оның щақыруын қабылдайсызба?

 

Сіз Исаға келген кезде, кешірім мен бостандық таба аласыз. Реніш пен кешірмеушіліктің орнына, сіздің жүрегіңіз сүйіспеншілік пен мейірімге толады. Жүрегіңізде Исаның басқаруымен, сіз жауларыңңызды сүйе аласыз. Бұл Мәсіхтің өтелу қанының құдіреті арқылы мүмкін болады.

Сақылмас Тыныштық

Мәсіхші ретінде, Құдайға сену және Оның қамқорлығына сенім арту, қорқыныш пен үрейге қарсы дәрі іспетті. Мәңгіліктен мәңгілікке еш өзгермейтін Құдайға сенім арту қандай тамаша. Ол бізді сүйеді және әрдайым біздің қамымызды ойлайды. Сондықтан, мазасыздық пен қорқыныш неліктен болу керек? 1 Петір 5:7 де жазылғандай істеуді үйрен, «Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды» Сондай ақ бізде мынадай уәде бар: Әрдайым ойын Саған бағыттаған Әрі сенімін бір Өзіңе артқан Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман. (Ишая 26:3)

 

Жүрегіңізде Иса болған кезде, сіздің тыныштықты іздеуіңіз аяқталады. Ол тыныштық береді, және тек Оған сенім артудан келетін тыным береді. Сіз мына ақынның айтқанына қосыла аласыз:

Тыныштық жоқ жерде тыныштықты білемін,

Дауыл тұрған жердегі тынымды

Құпия орында бетпе-бет

Тәңірмен бірге мен жүре аламын

-Ральф Сполдинг Кушмен

Сіз мазасыз әлемде жан тыныштығына ие боласыз! Жүрегіңіздің есігін Мәсіхке ашыңыз – дәл қазір – және бір күні Ол аспанның есігін сіз үшін ашады, сол жерде кемелді тыныштық мәңгілікке ұласа береді.

Бізге хабарласыңыз

Кітапшаларға тапсырыс беру