Бөлме
Киелі кітаптан біз мынаны оқимыз: «Үлкенді-кішілі өлген адамдардың тақ алдында тұрғандарын байқадым. Кітаптар ашылып, ерекше бір кітап — «Мәңгілік өмірдің кітабы» да ашылды. Өлгендер сол кітаптарда жазылған, өздері тірі кездерінде жасаған істеріне сай сотталып, үкімделді». (Аян 20:12) Бұл Құдайдың жазбалар жүргізетіні жайында келтірілген куәлік.
Джошуа Харрис, АҚШ, Мэрилендтен шыққан жас жігіт біраз уақытын Пуерто Рикода өткізіп жатты. Бір түні ол түс көрді. Ол Құдайдың осы аянды адалдықтың жетіспеушілігіне бола берілгендігін сезінді. Осы түсі оған Иса Мәсіхтің өмірді өзгерте алатын құдіреті мен қаны жайында есіне түсірді. Біз осы жайында сізбен бөліскіміз келеді.
***
(Бөлме)
Сол жерде түс пен өңнің арасында мен өзімнің бір бөлмеде отырғанымды байқадым. Ол жерде толық жарды алып тұрған түрлі мәліметтер тіркелген карточкалар жинағынан басқа ешқандай айрықша белгілер болмады. Олар кітапханада болатын автордың немесе тақырыптың Әліппе бойынша келтірілетін тізімге ұқсас болды. Алайда еденнен төбеге дейін бітпейтіндей көрінген бұл құжаттардың түрлі тақырыптары болды. Мен осы құжаттар тамына жақындап келгенде менің назарыма іліккен «Мен ұнатқан қыздар» деген жазуы бар жинақ болды. Мен оны ашып карточкаларды қарай бастадым. Мен осында жазылғандардың әрқайсысын білетінімді түсінгеніме есеңгіреп, шұғыл түрде оны жауып қалдым.
Мына сөзді жалғастырыңыз: Бөлме
Содан кейін ешкім айтпай-ақ, мен қай жерде тұрғанымды түсіндім. Осындай шағын жинақтар орналасқан бұл өмірсіз бөлме менің өмірім жайында әлі де аяқталмаған жүйелі тізбесі болды. Бұл жерде менің әрбір сәтімнің әрекеттері, үлкен немесе кішкене болсын, менің санам сидыра алмайтындай егжей-тегжейлі жазылған.
Осы жинақтардың құрамын кездейсоқ түрде қарастыра бастағанымда, бойымды қобалжу мен қызығушылық сезімі қорқыныш сезімімен аралас баурап алды. Кейбіреулері қуаныш пен жағымды естеліктер алып келді, басқалары ұят пен өкініш тудырғаны сонша маған ешкім қарап тұрған жоқ па деп иығымнан артқа қарай бастадым. «Достарым» деп аталған жинақтың жанында «Өзім сатып кеткен достарым» деген жазуы бар жинақ тұрды.
Атаулары осы әлемдік немесе оғаш атаулармен алмасып отырды. «Мен оқыған кітаптар,» «Мен айтқан өтіріктер,» «Мен алып келген жұбаныш,» «Маған күлкілі болған қалжыңдар». Кейбіреулері дәлдігімен қайран қалдырды: «Менің бауырларыма айқайлап айтқан сөздерім» Басқалары мен көңіл көтере алмайтындай болды: «Ата-анама қарай бұрқылдап айтқан сөздерім.» Тақырыптарға бола таңғалуым тоқтаусыз болды. Көбінесе бұл жерде мен ойлағаннан көбірек карталар болды. Кейбір жерінде мен үміттенгеннен азырақ карталар болды.
Мен сүрген өмірімнің көлемі ауқымды болғандығына таңқалдым. Менің жиырма жылдық өмірімде осы мыңдаған, мүмкін миллиондаған карталарды толтыруыма уақытым болуы мүмкін бе еді? Алайда әрбір карточка шындық екендігін дәлелдеп тұрды. Әрқайсысы менің қолтаңбаммен жазылған. Әрқайсысында менің қолым қойылған.
«Мен тыңдаған әндер» атты жинақты ашқанда оның құрамының көлемін сиғызу үшін жинақтың үлкейіп кеткенін байқадым. Карталар тығыздалып қапталған екен, екі немесе үш жүз сантиметр ақтарсам да жинақтың соңы көрінер емес. Мен ұялған күйі оны жауып қойдым, әуендердің сапасына бола емес, алайда осы жинақтың қаншама көп уақыт алғандығын білдіретінін түсінгеніме.
«Азғын ойлар» атты жинаққа жеткенде денем түршігіп кетті. Мен жинақтың көлемін анықтағым келмей тек бірнеше сантиметрге ашып, карточканы шығардым. Оның мазмұнының соншалықты егжей-тегжейлі екендігінен денемді тоқ ұрғандай қалт ете түстім. Осындай нәрсе жазылып қалғандығына бола өзімді ауыр сезініп қалдым.
Кенеттен мені хайуандай ашу кернеп алды. Ойымда бір ғана нәрсе болды: «Ешкім бұл карталарды көрмеуі тиіс! Мен бұларды жоюым керек!» Ессіз қаһардың үстінде мен сол жинақты жұлып алдым. Оның көлемі енді маңызды емес. Мен бұл жерді босатып карталарды өртеп жіберуім керек. Алайда жинақты бір шетінен шығарып еденге ұра бастағанда, ішінен бір де бір картаны шығара алмадым. Ашынған күйі мен бір картаны шығарып алып жыртпақшы едім, оның темір іспетті қатты екендігін байқадым.
Жеңілген және толық дәрменсіз күйі жинақтарды өз орнына қайтып қойдым. Маңдайыммен жарға сүйеніп бейшара күйі терең күрсіндім. Содан кейін мен мынаны көрдім. Ол «Мен ізгі хабармен бөліскен адамдар» деген атау болды. Оның тұтқасы қасындағы басқаларынан гөрі ашық түсті, жаңарақ, мүлдем дерлік қолданбағандай. Мен сол тұтқаны тартып қалғанымда ұзындығы сегіз сантиметрден аспайтын кішкентай қорапша қолыма түсті. Оның ішіндегі карталарды бір қолыммен-ақ санап шыға алдым.
Содан көзіме жас келді. Мен еңіреп жылай бастадым. Терең өксіктің сыздатқаны сонша ішімнен бастау алып тұла бойымды дірілдетіп жатты. Мен тізерлей кетіп жылай бастадым. Мен осылардың барлығы алып келетін өте үлкен ұяттан жыладым. Жинақтардың қатарлары жас толған көздерімде бұралып кетті. Ешкім ешқашанда бұл бөлме жайында білмеуі тиіс. Мен бұл жерді кілтеп кілтін жасырып қоюым керек.
Ал содан кейін, жасымды сүртіп отырған кезімде мен Оны көрдім. Жоқ, өтінемін тек Ол емес. Бұл жерде емес. Кім болсада, тек Иса емес.
Ол жинақтарды ашып карталарды оқи бастағанын дәрменсіз күйде қарап тұрдым. Оның жауабын көруге басымды көтере алмадым. Ал Оның жүзін көруге басымды бір сәтке көтергенімде, Одан өзімдікінен де терең өкінішті байқадым. Ол болса, сезгендей одан бетер жаманырақ жинақтарға қарай жылжи бастады. Неліктен ол барлығын оқуы керек?
Ақыр соңында Ол бұрылып бөлменің бір бөлігінен маған қарай қарады. Ол аяушылыққа толы көздерімен қарап тұрды. Осы аяушылығы менің ашуымды тудырмады. Мен басымды төмен түсіріп, бетімді қолдарыммен басып қайтадан жылай бастадым. Ол жақындап келіп мені құшақтады. Ол көп нәрсе айтса болатын еді, алайда ол ешнәрсе деген жоқ. Ол тек менімен бірге жылады.
Содан кейін Ол орнынан тұрып сол жинақтар орналасқан тамға қайтып барды. Бөлменің бір соңынан бастап, Ол жинақтарды ашып, кезек-кезегімен, әрбір карточкаға менің есімімнің үстінен Өзінің есімін жаза бастады.
Мен Оған қарай «Жоқ!» деген сөзіммен ұмтыла кеттім. Оның қолынан бір картаны суырып алғанымда менің бар айта алғаным «Жоқ, жоқ» деген сөз ғана болды. Оның есімі бұл карталарда болмауы тиіс. Алайда міне бұл жазылған, сондай мол қызыл, сондай қою, сондай тірі. Исаның есімі менікін жауып тастады. Бұл Оның қанымен жазылды.
Ол карточканы байыппен менен қайтарып алды. Ол қайғылы күлімсіреп карталарға қол қоюды ары қарай жалғастыра берді. Оның осыларды қалай сондай жылдам істегенін ешқашан түсіне алмайтын шығармын, алайда келесі бір сәтте Ол соңғы жинақты жауып маған қарай беттеп келе жатқандай болды. Ол қолын иығыма қойып: «Аяқталды» - деді.
Мен орнымнан түрегелдім, ал Ол мені сол бөлмеден алып шықты. Есіктің ешқандай құлпысы жоқ екен. Ол жерде әлі де жазылуға тиіс карточкалар болды.
***
Сіз Құдайдың сіздің өміріңізге қалай қарайтыны жайында ойланып көрдіңіз бе? Иса бізге былай дейді: «адамдар өздері айтқан әрбір жағымсыз сөздері үшін қиямет сотында жауап береді.» (Матай жазған Ізгі хабар 12:36-37) Егер өз-өзімізбен шынайы болатын болсақ, біз ойымызда және ісімізде сәтсіздікке ұшырағанымызды өкінішпен мойындар едік. Біз де құпияда жасалған істеріміз бен ойларымыз үшін қызарып ұялатын едік. Киелі кітап Римдегі сенушілерге арналған хатта 2:16-да былай дейді: «Ал адамдардың бәрінің жасырын істері мен ойларына үкімді Құдай қиямет соты күні Иса Мәсіх арқылы шығарады.» Елші Пауыл былай деп уағыз айтқан болатын: «Сондықтан теріс жолдан қайтыңдар! Сонда Құдай Ие күнәларыңды кешіріп, сендерге рухтарыңды жаңғыртатын мезгілді сыйлайды» (Елшілердің істері 3:19-20).
Иса сіздің күнәларыңызды талқандады ма, әлде олар әлі де сіздің соңыңызға түсіп жүр ме?
***
Сіз азат болғыңыз келеді ме? Өткен шақтағы ойларыңыз бен істеріңіз еңсеңізді түсіреді ме? Біздің күнәларымыз жүрегімізге және өмірімізге үлкен жүк түсіреді.
Егер «күнәсізбіз» десек, онда өзімізді алдап, бізде шындықтың болмағаны» (Жоханның бірінші хаты 1:8). «Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір» (Римдіктерге арналған хат 6:23).
Иса кешірім ұсынады. Ол жер бетіне келді және барлық күнәкарлар үшін қанын төкті. Енді құтқарылу жоспары аяқталды. Сіз толыққанды болғыңыз келеді ме? «Сонымен егер Құдайдың рухани Ұлы сендерді азаттыққа жеткізсе, шынымен азат боласыңдар» (Жохан жазған Ізгі хабар 8:36). (Забур жырлары 51) Исаға қазір келіңіз! Өкініп күнәңізді мойындаңыз. «Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады» (Жоханның бірінші хаты 1:9). Онымен бірге қанағатты өмір сүруге жетелеуі үшін өзіңізді Исаға сеніп тапсырыңыз. Ол сіздің күнделікті өміріңіздің әрбір қадамына бағыт береді.
БӨЛМЕ – Авторлық құқық 1995 Жаңа көзқарас / Джошуа Харрис.