Бақытты үй
Үй - сүйкімді үй
Киелі кітап бізге үлгісі әдемі, құрылымы мықты, және жағымды атмоферадағы үйдің сызбасын береді. Біздің үйіміз, үйлесім мен разылық, немесе қысым мен ұрыс-керіс орнаған жер болуы мүмкін. Сіздің үйіңіз өмірдің дауылдарына төтеп бере алатындай мықты және бақытты ма?
Үй, қоғамның маңызды бір бөлігі. Ол біздің рухани өсуімізге, бақытты сезінуімізге, және тәндік қанағаттануымызға арналған. Құдайдың әуелбастағы жоспары, осы үйдің мүшілері бір-біріне бақыт силап және отбасы ретінде үйлесімділікте өмір сүруі.
Неліктен кейбір үйлер бақытты емес?
Сонымен, неге көптеген үйлер бақытты емес? Неліктен олар ұрыс-керістермен, бөлектенумен және ажырасумен құртылуда? Оның себебі Құдайдың берген үлгісіне көңіл бөлмеу. Оның сөзінде бақытты үй құруға тиісті жабдықтарды табуға болады. Оның сөзіне сай құрылған үй, сүйіспеншіліктің, сенім артушылық, екіжақты қызығушылық таныту, және бір-біріне деген өзімшіл емес қызмет ететін жерге айналады. Осындай үйлер біздің өмірімізге бақыт алып келеді және қоғамымыз бен халқымызды сақтайды. Сіз, Бас Сәулетші Құдайдың жоспарына ересіз бе? «Егер Жаратқан үйдің құрылысын жарылқамаса,Құрылысшылардың еңбегі түгелдей зая.» (Забур жырлары 126:1)
Біздің болашақ үйіміздің негізі жас кезімізде салынады. Құдайдың алдында таза өмір сүруіміз, біздің некеге деген дайындығымыздың маңызды бөлшегі. Некеге дейінгі күнәлі қатынас, саналы тұрақтылықты бұзады және болашақ үйге қауіп төндіреді. Жас кезіміздегі өзімшілдік пен өзін-өзі қанағаттандыру, некеге зиян келтіретін өмір сүру салтын қалыптастырады. Ажырасу деңгейінің жоғары екендігі осыған жеткілікті дәлел бола алады. Мұндай күнәлар, Мәсіхтегі жаңа өмір алдында толығымен тәубеге әкелінуі тиіс. Сонда өткен шаққа нүкте қойылып ал Құдай Өзінің жарылқауларымен келе алады.
Үй ер адам мен әйел адам некеде біріккенде басталады. Киелі кітап бізге некені «тек Құдайда» құру керек деп үйретеді. (Қорынтт. 1-хат 7:39) Мұның мағынасы, осы екеуі, еркек те әйел де өмірлерін және еріктерін Құдайға мойынсұндыру керек дегенді білдіреді. Құдай бірінші орында болуға тиіс. Егер ер адам, әйел адам, немесе екеуі де өзімшіл болса, онда екі жақты бақыт қайдан бола алады?
Құдайда неке құру
Мына сөзді жалғастырыңыз: Бақытты үй
«Құдайда» неке құру дегеніміз ер адам мен әйел адам тек қана Мәсіхші дегенді білдірмейді, бірақ сонымен қатар Құдайдың Өзі оларды бір-біріне жетелеуін айтады. Құштарлық, тәндік елігу және соқыр әуестіктер некенің басталуына жағымсыз әсер етеді. Осы нәрселер біздің бір-бірімізге деген құштарлығымыздың басты себебі болса, онда бұл бізді үйленгеннен кейін көңіл қалушылыққа және кикілжіңге алып келе алады. Құдайға біздің таңдауымызды бағыттайтынына сенім артқандықтан, Оның Киелі даналығы тек бүгінге ғана емес, сонымен қатар алдымыздағы жылдарға керек болатын бізге тиісті көмекшіні қарастырырады. Құдай, нәтижесінде бір-бірін толықтыратын, үйлесімді жұпқа әкелетін түрлі талғам мен мінезділікті таңдауы мүмкін. «Сөйтіп екеуі біртұтас болады» (Марқа 10:8)
Неке – жай ғана заңды келісім шартқа отыру емес, өмірлік байланыс болуы тиіс. Иса мына анық өсиетті қалдырған: «Сонымен Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын!» (Матай 19:6)
Құдайдың тапсырысы
Үй дегеніміз өз-өзінде орын алған кішігірім қоғам, және әрбір қоғамдық бірлік ретінде, жауапкершіліктер үлестірілген аймақтар болуы маңызды. Құдай осы тәртіптің нұсқасын бізге Киелі кітапта көрсетеді. Бұл беделдіктің үлгісі, оны сақтайтын болса, үйге тәртіп пен бақыт келеді. Күйеулерге берілген жауапкершілік өте жоғары, содан кейін әйелі, содан кейін балалар, осындай ретпен. (қосымша 1 Қор. 11:3; Ефестіктерге 5:22-24 оқыңыз). Құдай қағиданы орнатып соны қолдағанда, бұл киелі болып есептеледі. Осы тапсырмаға бағынбаушылық адамға қайғы алып келеді. Ал екінші жағынан, осыған, ізгілікпен, қуанышпен және құрметпен бағынған әркімді Құдай жарылқайды.
Некеде күйеуі мен әйелі, екеуі де жауапкершілік пен міндеттемелері бар одақты бастайды. Екеуі де өздерінің айрықша міндеттемелері және табиғи мүмкіндіктерімен үйді толықтырады. Біреуі жетекшілікті алу керек, және Құдай осы орынды ер адамға тапсырды. «өйткені Мәсіхтің сенушілер қауымының Басы болғаны сияқты, еркек — әйелдің «басы». Мәсіх Өзін құрбан ету арқылы сенушілерді құтқарып алды» (Ефестіктерге арн. Хат 5:23) осындай сүйіспеншілік жан тәнімен берілуге бауриды. Осы қамқор сүйіспеншілік күйеуін өз әйелімен «өз тәніндей» тығыз байланыста болуға әкеледі. (Ефестіктерге арн. Хат 5:28). Сүйетін күйеу әйеліне өзінің қызметшісі сияқты қарамайды. Оның орнына, әйеліне сенім артып онымен кеңесіп, оған деген сүйіспеншілігіне бола оны шынайы серіктесі етеді.
«Сол сияқты сендер, әйелдер, күйеулеріңе мойынсұныңдар.» (Петірдің 1-хаты 3:1) Әйелі, Мәсіхке мойынсұнып ергеніндей, үйінде күйеуінің жетекшілігіне ерсе, осы үй тыныштық пен қанағаттың панасы болмақ. Ефестіктерге арн. Хат 5:33 былай дейді: «ал әр әйел күйеуін құрметтеуге міндетті.» Осы қағидаға қарсы шығу, қазіргі кездегі үйлерге көптеген қайғы әкелуде. Осы қағидадан шегіну тек қана отбасының өміріне жанжал әкеліп қана қоймай, сонымен қатар, рухани тұрғыда, әйелінің жүрегіне шиеленіс туғызады.
Балалардың орны
Біз балалар жайында таза және кінәсіз деп ойлағанды ұнатамыз. Дегенмен, барлығымыз күнәкар болмыспен дүниеге келеміз. Бала өскен сайын, оның өзімшіл болмысы айқынырақ көріне бастайды. Ата-анасы осы бейімділікті тәртіпке келтірмесе, бала өз-өзіне және басқаларға бақытсыздық әкелетін болады.
Балалардың міндеті ата аналарына бағыну. «Балалар, Иеміздің еркіне мойынсұнып, әке-шешелеріңнің тілін алыңдар, өйткені осылай істегендерің дұрыс. (Ефестіктерге арн. Хат 6:1) осындай мойынсұнушылықтың тамаша мысалын, Исаның бала кезіндегі оқиғадан көруге болады. «Иса Назарет қаласына бірге оралып, оларға мойынсұнып жүрді.» (Лұқа 2:51) Егер мойынсұну қағидалары сақталып, күнделікті өмірде іске асырылатын болса, ата-аналар мен балалар бақыттырақ болып, үй одан бетер жағымды болады.
Құдайдың берген тәртібі сақталатын болса, ата-аналары өз балалары үшін өмір сүріп, балалары ата-аналары үшін өмір сүріп, ал барлығы бірігіп Құдай үшін өмір сүретін болады. Осындай үйлер біздің қоғамға жарылқау болып, халқымызға сапалылық силайды.
Көптеген жасөспірімдер нашамен, өткінші қалаулармен, сәнмен, әлемдегі ойын-сауықпен айналысуда. Олар құндылықтар мен өнегені менсінбейтін жылдам қанағат етілуді қалайтын қоғаммен еліккен. Ал бір кездері бұлар біздің қоғамымызға толыққандылық пен тұрақтылық әкелетін. Жасөспірімдеріміздің осындай мазасыз және өкпелі болуының негізгі себебі, қауіпсіз, бақытты үйлердің болмауынан ба? Осы жағдайға байланысты сіз не істей аласыз? Сіздің үйіңіздің құрылуы өзіңізге, және жүрегіңіздің Құдайға берілгендігіне тікелей байланысты екендігі жайында ойланып көрдіңіз бе?
Мәсіх – Іргетас
Егер біз мықты және бақытты үй құрғымыз келсе, негізі Мәсіх болуы тиіс. Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып үйді соққылағанда, Мәсіхпен ол құламайды. (Матай жазғ. Ізгі хаб. 7:24-27) Ол біздің үйіміздің, осындай қатыгез және мейірімсіз әлемде табысты және бақытты болуына бағыт көрсетіп, бізге қуат беріп, жігерлендіреді. Иса үйді сүйді, және Ол біздің үйімізге де орнығуға дайын. Ол былай деген: «Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын.» (Аян 3:20) БІріншіден, Ол біздің жүрегіміздің есігін қағуда, содан кейін біздің үйіміздің есігін. Біз Оның ішке кіруіне жол береміз бе?
Бақытты үй біздің жүрегімізден басталады. Тыныштық біріншіден біздің жүрегімізде орын алмай, үйімізде шынайы тыныштық орнай алмайды. Біз сенімімізді Құдайға артқан кезде, әр күнімізде, ашулану мен көңіл қалушылықпен кездескенде, жеке жеңіске жете аламыз. «Әрдайым ойын Саған бағыттаған Әрі сенімін бір Өзіңе артқан Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман. (Ишая 26:3)
Құдайшыл отбасы, бірігіп, өздерінің жүректері үшін, үйлері үшін, және қоғамның мұқтаждықтары үшін сиынып мінәжат етеді. Мінәжат отбасын біріктіреді. Мынау дәл айтылған сөз: «Бірге мінәжат ететін отбасы бір-бірінен ажырамайды»
Құдайдың сіздің өміріңізге және үйіңізге байланысты жоспарына сеніп, оны қабылдаңыз. Жүрегіңіздің есігін Мәсіхке ашыңыз. «Бүгін сендер Оның даусын естігенде, қасарыстырмаңдар енді жүректеріңді!» (Еврейл. хат 3:7-8) Құдай сіздің жүрегіңіз бен үйіңізді жарылқау үшін күтіп тұр. Құдайға барлық жүрегіңізбен бет бұрып, Оған сенімді болыңыз. Бір күні Ол, сізді мәңгіге қабылдайтын, бақыт пен мүлтіксіз тыныштыққа толы аспандағы үйдің есігін сіз үшін ашатын болады.