Жалғыз және Шынайы Құдай – Оны білесіз бе?
Әркім бір нәрсеге табынады. Кейбір адамдар заттарға табынады, кейбіреулер адамға табынады, біреулер бейнелерге табынады, ал басқа біреулер өз-өздеріне табынады. Олар құдайларына өздерінің берілгендіктерін түрлі жолдармен көрсетеді. Адамдардың басым көпшілігі осындай құдайларға ізет білдіретіндіктен, олардың жүректерінде әлі де аңсау мен зарлау қалып қояды. Мұндай адамдар жан айқайына өткінше ғана жеңілдік табады және ертеңгі күнге деген жігерлері аз болады. Олардың өкініштеріне орай болашақтары дәл өткен шақтай болып қалады. Олар қызмет ететін құдай олардың өміріндегі бостықты толтыра алмайды.
Сіз кімге табынасыз? Сіздің құдайыңыз қай жерде тұрады? Ол тірі ме? Ол сіз үшін бүгін не істеді? Сіз бүгін онымен сөйлестіңізбе? Ол сіздің жүрегіңіздің айқайына жауап береді ме? Сіз не нәрсеге сенезіз?
Мен сіздерге біздің ең үлкен жауымыз шайтанды жеңген жалғыз тірі Құдай жайында айтып берейін. Ол жаратушы Құдай, Ол не айтса сол пайда болады. Киелі кітап сізге адамды жердің топырағынан жаратқан осы аспан Жаратушысы жайында айтады. Жаратылыстың басталуы кітабының бірінші және екінші тарауын оқыңыз.
Ол мәңгі тірі Құдай. Оның бастауы және аяқталуы жоқ. Ол кеше, бүгін және мәңгілікке Өзі болып қала береді. Ол Жаратушы, барлығын Сақтаушы және Дем беруші. (Елшілердің істері 17:22-34)
Мына сөзді жалғастырыңыз: Жалғыз және Шынайы Құдай – Оны білесіз бе?
Осы аспанды мекендейтін ұлы Құдай сізге де тұлға ретінде қызығушылық танытады. Ол сізді адамдардың көптеген тобырының ішінен көріп тұрады. Ол сізді сүйеді және қамыңызды ойлайды. Ол сіздің досыңыздан жақын болғысы келеді. Ол Өзінің Ұлын сіздің Құтқарушыңыз болуға жіберді. Ол сізбен өмір сүргісі келеді, және тіпті оданда бетер, Ол сіздің бойыңызда өмір сүргісі келеді. Ол былай деген: «Менімен тығыз байланыста тұрыңдар, сонда Мен өздеріңмен тығыз байланыста тұрамын.» (Жохан 15:4)
Егер Ол сіздің жүрегіңізде өмір сүрмесе, онда кім өмір сүреді? Өзімізге назар аударып қарасақ, шайтан көптеген адамдардың өмірін басқарып және құртып жатыр. Осы жүректерді басқарып жүрген сол. Ол барлық өтірік, ұрлық, нәпсіқұмарлық, айлакерлік, кек алушылық, өзін-өзі жарнамалау сияқты жамандықтарды ұсынады. Егер сіздің жүрегіңізде шайтан өмір сүріп, сіздің осы айтылған күнәларды және одан басқаларын орындауға арбығанда, онда неліктен сіздің күнәларыңыз үшін, және бүткіл әлемнің күнәлары үшін Өзінің жалғыз Рухани Ұлын, Иса Мәсіхті құрбан еткен Құдайлардың құдайына келмеске? (Жохан 3:16)
Сіз былай деп сұрауыңыз мүмкін: «Бұл қалайша шындық бола алады? Ұлы, Құдіреті күшті Біреу қалайша менің жүрегімде өмір сүре алады?» (Ишая 57:15)
Егер сіз күнәдан қалжыраған болсаңыз, неліктен Құдайды шақырып тәубеге келмеске? Құдайға сенім арту арқылы және Мәсіхтің өтем беретін қаны арқылы сіздің күнәларыңыз кешіріледі және сіз жаңа болмысқа ие боласыз. Содан кейін шайтан азғыруға келгенде, сіз құдіретті Құдайдың қатысуын сезіне аласыз. Ол сізге бағыт көрсетіп сізге барлық тиістіні үйретеді. (Жохан 14:26)
Жохан жазған ізгі хабар 10:10 аятында, Иса ағыл тегіл мол өмір жайында уәде береді және Ол соны сізге бере алады. Осы сый сіздің адалдығыңыз бен мойынсұнушылығыңызға қарай сіздікі болып қалады. «Егер Маған мойынсұнып, тілімді алсаңдар, жердің жақсы өнімдерін жейтін боласыңдар.» (Ишая 1:19) Басқа осындай Ұлы Құдай жоқ. Егер осы айтылғандар сіздің жүрегіңізге әсер еткен болса, сіз «Біз қайта туылуға тиіспіз» деп аталатын кітапшаны оқығыңыз келетін болар. Бұл кітапша, басқалары іспетті, төмендегі мекен жай бойынша қол жетімді.