Сіз кешірілдіңіз бе?

Сіз кешірілдіңіз бе? Сіздің мәңгілік болашағыңыз осы маңызды сұрақтың жауабына тікелей байланысты. Киелі кітап бізді былай деп үйретеді: «әділ ешкім жоқ, тіпті бірде-бір әділ кісі жоқ» (Римдіктерге арналған хат 3:10) Осы тараудың 23 – ші аятында былай делінген: «бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды.» Біз күнәлардың салдарынан құтылғымыз келсе, Құдайдың кешірімін табуға тиістіміз. Бір күні біз Құдаймен қиямет сотында кезігетін боламыз. «Барлығымыз Мәсіхтің төрелік тағының алдында тұрып, әшкереленуге тиіспіз ғой. Сонда әрқайсымыз тәндік өміріміздегі іс-әрекетіміздің жақсы-жамандығына қарай лайықты бағамызды алатын боламыз.» (Қорынт. арн. хат. 5:10)

Біз мәңгілікпен кезігеміз, және бұл біздің кешірілген немесе кешірілмегендігімізді анықтауға мәжбүрлейді. Егер кешірілген болсақ, онда біз аспанға қабылданамыз. Егер де кешірілмеген болсақ, онда бізге, әзәзіл мен оның періштелерімен бірге мәңгіліқ тозаққа түсуге үкім шығарылады. «Құдай тағайындаған Билеуші қасиетті періштелерін ертіп ғаламат ұлылықпен көктен келген кезде Өзінің салтанатты тағына отыратын болады. Барлық халықтар Оның алдына жинап әкелінеді. Ол шопанның қойларды серкелерден ажыратқанындай адамдарды екі топқа бөліп, «қойларды» оң жағына, «серкелерді» сол жағына қояды. Сонда Патша оң жағындағыларға былай деп үкім шығарады:

— Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар!» (Матай жазған Ізгі хабар 25:31-34)         

Бұдан кейін Патша Өзінің сол жағындағыларға да былай деп үкім шығарады:

— Менен аулақ кетіңдер, қарғыс атқандар! Шайтанға және оның хабаршыларына дайындалған мәңгілік тозақ отына түсіңдер! (41-аят)

Мәсіхтің құрбандық қаны арқылы келетін кешірім

Сонымен, біз жанымыздың аман қалуы үшін не істеуіміз қажет? Біз өзімізді өзіміз құтқара алмаймыз, алайда біз Құдайдың біз үшін дайындап қойған жоспарын қабылдай аламыз. Мәсіх жер бетіне келместен бұрын, Құдай Өз халқы Израилдіктерге қандай нәрсе көрсеткеніне назар аударуымыз, осы жоспарды түсінуімізге көмектеседі. Құдай оларға жануарларды құрбандыққа шалуды бұйырды. Құрбандыққа шалынған тоқтылар, барлық адамзаттың күнәлары үшін Өзінің қанын төгу арқылы құтқарып ала алатын Құдайдың мүлтіктіз тоқтысы Иса Мәсіхке меңзеп тұрды. Қанның төгілуі адамдарға күнәнің қаншалықты залалды екендігін түсінуге көмектесті. Ефестіктерге арналған хат 1:7 былай дейді: «Мәсіхтің құрбан болып, қаны төгілуімен төлеміміз өтеліп, біздер жамандықтың құлдығынан азат етіліп, күнәларымыз кешірілді.»

«Ата-бабаларыңнан жеткен пайдасыз өмір салтынан азат болуларың үшін не төленгенін білесіңдер: күміс, алтын сияқты өткінші заттар емес, Құдайдың мінсіз де мүлтіксіз «Тоқтысы» — Мәсіхтің Өзі құрбан болып, баға жетпес қанын төгуімен құтқарылуларыңның құнын төледі. (Петірдің бірінші хаты 1:18-19) Біздің кешіріміміз Мәсіхтің өлімі арқылы және Оның қанының адамзаттың күнәсі үшін төгілуі арқылы келеді (Еврейлерге арн. хат. 9:22).

Мынаны ескере кетейік, біз, күнәміздің салдарынан, мәңгілік өлімге лайықты болдық. Алайда Оның бізге деген сүйіспеншілігі мен рақымының арқасында, біздің орнымызға Иса өлімге барды, солай біз кешірімге ие болдық және күнәларымыздың құны өтелді.

Кешірмеушілік құлдыққа әкеледі

Мәсіхтің мейірімді кешірімі өмірімізде орын алғанда, біз тыныштық қабылдаймыз. Осы тыныштықты сақтап қалуымыз үшін, басқаларды да кешіруіміз қажет. Матай жазған ізгі хабар 6:14-15 Мәсіх былай деген: «Егер өздеріңе күнә жасағандарды кешірсеңдер, онда көктегі Әкелерің сендерді де кешіреді. Ал егер басқалардың күнәларын кешірмесеңдер, онда көктегі Әкелерің сендердің де күнәларыңды кешірмейді.»

Иса кешірмеушіліктің қауіптілігі жайында ашық тәлім береді: «Құдай Патшалығындағы жағдай мынаған ұқсас: Бір патша қызметкерлерінен есеп алмақшы болады. Есеп ала бастағанда оның алдына он мың ат басындай күміске борышты қызметкерін алып келеді. Қарызын төлейтін ештеңесі болмағандықтан, патша оның өзін, әйелін, бала-шағасы мен мал-мүлкін түгел сатып, содан түскен ақшамен қарызын өтеуге бұйырады. Сонда қызметкер патшаның аяғына жығылып: «Тақсыр, маған сәл мұрсат бере көріңіз, мен бәрін де төлеймін!» деп жалынады. Қызметкеріне жаны ашыған патша оны босатып, бүкіл қарызын да кешіреді.

Қызметкер далаға шыққан соң, бір қызметтес жолдасын кездестіреді. Бұл адам оған тек бір жүз күміс теңгеге ғана борышты еді. Алайда қызметкер оны алқымынан алып, қылғындыра бастап: «Дәл қазір маған берешегіңді қайтар!» деп талап етеді. Қарыздар жолдасы аяғына жығылып: «Маған сәл мұрсат бере көр, мен бәрін де төлеймін!» деп жалынады. Бірақ ол күткісі келмей, әлгіні қарызын төлегенше түрмеге жапқызады.

Мұны көрген өзге жолдастары қатты наразыланып, патшаға барып, болған оқиғаны айтып береді. Сонда патша сол қызметкерін шақырып алып: «Әй, зұлым қызметші! Сен өтінгендіктен, мен қарызыңды түгелдей кешірдім ғой! Ендеше сен де дәл солай жолдасыңды кешіруге тиіс емес пе едің?!» дейді. Патша қаһарланып, оны қарызын толық өтегенше жазалаушыларға тапсырады.

Міне, егер сендер бауырластарыңның күнәларын шын жүректен кешірмесеңдер, көктегі Әкем әрқайсыларыңа да солай істемек!» (Матай жазған Ізгі хабар 18:23-35)

Басқа біреуді жек көру, кек сақтау, немесе реніш ұстап жүрудің көптеген жағымсыз әсері бар. Осындай қалыптың өмірінде орын алуына жол берген әрбір адам қуанышсыз және түнерген болады. Оның адамдармен қарым-қатынасы нашарлағаны іспетті, ден саулығы да нашарлайды.

Біз басқаларды кешірмеген кезімізде, бұл біздің жанымызға, басқа біреуге құлдыққа түсіп немесе нашаға тәуелділікке түсумен салыстыруға болатындай бір құлдық алып келеді. Әдетте осы кешірмеушілік бізді ішімізден түйреп тұратын күйініш тудырады. Бұл қайғы, реніш және жанжалдың бұғауында ұстайды, сондай-ақ қуаныш, сүйіспеншілік және қарым-қатынасты тоқтатып қояды. Бұл күйініш саналы түрде жасаған шынайы қателіктердің есесін қайтаруды және кек сақтауды қалайтын тәкаппар рухтың  нәтижесі. Егер біз өзіміздің реніш сезімдерімізді босатудан бас тартатын болсақ, нәтижесінде бұлар бізді басқаратын болады. Біз Құдайдың алдында күнәнің құлдығында болғанымыз сияқты осылардың құлдығында болып қаламыз.

Шартсыз кешірім

Иса бізге басқаларға кешірім беруіміздің жалғыз жолы өзіміз Исадан кешірімді қалай қабылдаған болсақ, солай болу керек деп үйретеді. Біз кешірімді бізге қарсы жасалған қылмыстың түріне және ауырлығына, есебіне немесе қылмыскердің түріне қарап беруімізге болмайды. Құдай бізге қандай шартсыз мейірім көрсеткен болса, біз де басқаларға сондай мейірім көрсетуге тиіспіз. Біз өзімізді кішірейтіп басқаларға кешірім беретін болсақ, Құдай бізге өзіміздің қателіктеріміз бен күнәларымыздың кешірімін алуға жол ашады. Құдай Өзіне кішірейіп өкінген жүрекпен келгендердің барлығын толықтай кешіреді.

Біз Киелі Рухтың соңынан еретін болғандықтан шындықты біле түсеміз, және шындық бізді азаттыққа жеткізеді. (Жохан жазған ізгі хабар 8:32) Ал 36-шы аят былай дейді: «Сонымен егер Құдайдың рухани Ұлы сендерді азаттыққа жеткізсе, шынымен азат боласыңдар.»

«Бүгін сендер Оның даусын естігенде, бас көтергендердің істегендері секілді қасарыстырмаңдар енді жүректеріңді!» (Еврейлерге арналған хат 3:15) Матай жазған Ізгі хабар 11:28 Иса былай деген: Менің қасыма келіңдер, бәрің, Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін! Осы тәлімге еретін болсақ, біз кешірілетін боламыз және басқаларды кешіруге қабілетті боламыз.

Құдайға келу

Ендігі сұрақ мынада, біз Құдайға қалай келе аламыз? Жауабы Киелі кітапта келтірілген. «Мені жіберген Әкем Өзіме жақындатып тартса ғана, адамдар Маған келе алады;» (Жохан жазған Ізгі хабар 6:44) Құдай, Өзінің Киелі Рухы арқылы, бізге күнәхар екендігімізді және Құтқарушыға мұқтаж екендігімізді ашып көрсетеді. Кейбір кезде біз Құдайдың шақыруын толық түсіне алмаймыз. Біз бір бостықты байқай бастауымыз мүмкін, жүрегімізде жалғыздықты және бір нәрсеге мұқтаж екендігімізді сезінуіміз мүмкін, біздікі дұрыс емес екендігін сезініп, жоғалып қалғандығымызға байланысты түсінік пайда болуы мүмкін.

Рухымызда осындай жайсыздықты байқай бастағанда, біз бағдар алуымыз үшін жүрегімізді Құдайға ашуымыз керек. Күнәнің жүгі тым ауыр болып, жүрегіміз өткен күнәхар өмірімізге бола өкіне бастайды. Құдай өз өмірімізді Оның алдында шынайы тәубеге келіп тапсырғанымызды қалайды. Құдай біздің кішірейген және мойынсұнған жүрегімізді және Оның еркін толық орындауға дайын екендігімізді көргенде, Ол біздің бұрынғы күнәхар өмірімізді кешіреді, сонда біз кешірім мен тыныштықты қабылдай аламыз. (Забур 34:18; Забур 51:16-17)

Бұл тек қана саналы түрде істелетін, немесе жай ғана ойыңды өзгертетін нәрсе емес. Бұл Киелі Рухтың бізді жаңа өмірге бастап апаратын, жүрегімізде орындалатын жұмысы. Киелі Рухтың осындай күшімен біз Құдайға сенім артуға деген сенім қабылдаймыз, сонда өзіміздің еркімізді ысырып қойып, басқаларға кешірім бере алатын боламыз. Қорынттықтарға арналған екінші хат 5:17 былай дейді: «Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!»

Кешірім берудегі Киелі кітаптың жолы сондай тамаша! Исаның құрбандығына сенім артып илану, Құдайға және Оның еркіне толық бағынумен бірігіп, біздің жүрегімізден айыптылықты алып тастайды. Біздің күнәларымыз Иса Мәсіхтің төгілген қанымен толықтай жабылды. Құдай беретін кешірім біздің кінәларымыз бен ауыртпашылығымызды алып тастайды. Ол біздің жасымызды сүртіп барлық күнәларымызды ұмытады,

«Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын» (Еврейлерге арналған хат 8:12) Құдай біздің күнәларымызды кешіріп және біз де басқаларды кешіргенде алатын бостандығымыз сондай тамаша болмақ. Сіз де жүрегіңізде және өміріңізде осыны қабылдай аласыз. Бүгін Құдайға келіңіз!