Сізге берілген жауап

Jesus at the well

Сіз жайында барлығын білетін біреудің бар екендігін білесізбе? Құдайдың Ұлы Иса, сіздің қай кезде болмасын жасаған әрекеттеріңізді біледі. Ол әлемді және ондағының барлығын жаратты. Ол өткен шақты, кәзіргі кезді және болашақты біледі. Ол сізді сүйеді және осы әлемге сізді күнәдан құтқару үшін келді. Оның сіздің өміріңізге бақыт әкелетін жоспары бар.

Бір күні Иса достарымен саяхаттап келе жатты. Ол Самариядағы ауылдық аймаққа тоқтады. Достары тамақ алып келуге кеткен кезде, Иса бір су құдығының жанында демалып отырды.

Иса сол жерде отырған кезде, бір әйел құдықтан су алуға келді. Иса одан: «Маған ішетін су бересіңбе?» - деп сұрады.

Әйел бұған таң қалып: «Сіз менен ішетін су сұрап тұрсыз ба? Менің самариялық екенімді және Еврейлер біздермен мүлдем араласпайтынын білмейсіз бе?» - деді. Иса байыппен жауап беріп: «Егер Құдайдың өзіңе не сыйлағысы келгенін және су сұраған Адамның кім екенін білсең, сен Оның Өзінен су сұрар едің. Сонда Ол саған «өмір суын» берер еді,» - деп жауап қатты.

Әлгі әйел Оған таң қала қарап: «Мырзам, құдық терең ғой. Ал сіздің су алатын ыдысыңыз жоқ. Сол өмір суын қалай алмақшысыз? – деді.

The woman running to town

Иса оған былай деді: «Мына судан ішкен адам тағы шөлдейді. Ал кімде-кім Мен беретін «судан» ішсе, ол мәңгі бақи шөлдемейтін болады.» 

Сонда әйел: «Мырза, бұдан былай шөлдеп, су алуға мұнда келе бермеуім үшін маған осы судан беріңізші!» - деп өтінді. 

Иса оған: «Барып, күйеуіңді шақыр, өзің де кел!» - деді.

«Менің күйеуім жоқ,» - деді әйел. 

Ал Иса оған: «Күйеуім жоқ деп шыныңды айттың. Бес рет күйеуге шыққансың, ал қазіргің күйеуің емес. Мұны дұрыс айттың,» - деп жауап берді. 

Сонда әйел өзі жайында бұл адам қайдан біледі деп таңырқап былай деді: «Мырза, Сіздің пайғамбар екеніңізге көзім жетіп тұр! Ал енді, біздің ата-бабаларымыз Тәңір Иеге мына таудың басында сиынып мінажат еткен, ал сіздер сиынатын орын Иерусалимде болуға тиіс дейсіздер, қайсысы дұрыс?» - деп сұрады.  

Иса оған былай деді: «Қай жерде сиынып мінәжат ету керектігіміз соншалықты маңызды емес, Қазір нағыз сиынушылардың Құдайдың Рухына кенеліп, Әкеге шындап мойынсұнып сиынатын уақыты келді» - деді. 

Сонда әйел: «Мәсіх деген Құтқарушы Патшамыздың келетінін білемін. Ол келгенде бізге бәрін ашық айтып береді» - деді. 

Иса: «Сенімен сөйлесіп тұрған Мен Соның Өзімін,» - деп әйелге жауап берді.

Әйел су алатын ыдысын қоя салып, қалаға қайта оралды да, жұртқа: «Жүріңдер, менің құпия іс-әрекеттерімнің бәрін дәл айтып берген Кісіні көріңдер! Ол Құдай жіберген Мәсіх емес пе екен?» — деді.

Сонда жұрт қаладан шығып, Исаға қарай бет алды. Көбі Оның Құтқарушы Мәсіх екендігіне сенді, өйткені Ол барлығы жайында бәрін білді. Сіз осы оқиға жайында Жохан жазған ізгі хабар 4:3-42 – ден оқи аласыздар. 


Jesus teaching the crowd

Иса біз жайында барлығын біледі, жақсысын да, жаманын да. Біз өмірімізде жасаған жаман істерімізді жасырғымыз келуі мүмкін, алайда оларды Исадан жасыра алмаймыз. Ол бізді сол жаман істеріміз үшін тартуға тиісті лайықты жазадан құтқару үшін келді. Ол осы біз сезінетін жүрегіміздегі ауыр сезімдерімізді алып тастап, бізге тыныштық бере алады. Ол бізді күнәларымыздан арылту үшін және біз дүниеден өткенде аспанда үйіміз болатындай ету үшін жанын қиды. 

Иса сіздің барлық сұрақтарыңыз бен мұқтаждықтарыңыздың жауабы. Ол сіздің досыңыз болғысы келеді. Ол сіздің жүрегіңіздегі бостықты толтырғысы келеді. Ол сіздегі қорқыныш пен уайымды алып, орнын тыныштықпен толтыра алады.  

Иса былай деген: «Маған келіңдер...сонда тыныштыққа кенелесіңдер» (Матай 11:28). Оған сиынып мінәжат етіңіз және Оның сіздің өміріңізге келуін сұраңыз. Осындай ұлы Құдайды сеніммен қабылдағаныңыздан, Ол сіздің жүрегіңізде орнығады. Оның қасыңызда болуы сізге қуаныш әкеледі. Ол сізге күш қуат беріп өміріңіздің мақсатын көрсетеді. Ол сізге берілген жауап болады.