Мәсіхшілік дегеніміз не?

Cross of Christ

Мәсіхшіліктің негізі Құдайда, Оның Ұлы Иса Мәсіхте, және Құдай Сөзі Киелі кітапта қаланған.

Мәсіхші – Киелі кітапқа сенетін және Иса Мәсіхтің тәліміне сай өмір сүретін адам. Өмір сүрудің осы түрі тыныштық пен қанағат алып келеді және бізді аспандағы мекенімізге дайындайды. 

Құдай Әке

Киелі кітап, әрдайым бар болған және бола беретін жалғыз бір ғана Құдай бар деп үйретеді. Құдай барлығын біледі және Оның даналығы мен білімі шексіз. Киелі кітап Нақыл сөздер 15:3 –те былай дейді: «Жаратушының көз алдында бәрі аян, Бар жақсы мен жамандар айқын Оған.» Ол барлық жерде бірден бар және бүткіл әлемдегі барлығына бір уақытта толық көңіл бөле алады. Біз Құдайға кез келген жерден және кез келген уақытта мінәжат ете аламыз. Ол біздің мінәжатымызды естиді және көрегендігіне сай жауап береді. Тек қана жалғыз Бір Құдай бар, әйтседе Ол үш тұлғада ашылады: Құдай Әке, Құдай Ұл, және Құдай Киелі Рух. Осы Үшеуі жеке дара, әйтседе бірігіп үйлесімді жұмыс жасайды, өйткені олар біртұтас.

Жаратылыс және адамның құлауы

Құдай әлемді және ондағының барлығын жаратты. Бес күн ішінде Құдай күнді, айды, жұлдыздарды, жерді, суды, құстарды, және балықтарды жаратты. Алтыншы күні жердегі барлық жаратылысты жаратты, содан кейін Өзіне бейнелес етіп адамды жаратты. Адам Құдайдың жаратылысының тәжі және Оның сүйіспеншілігінің көрінісі. Құдай алғашқы адамды яғни адам атаны жаратты, ол таза және күнәсіз болды. Құдай адамның Оған өз еркімен қызмет еткенін қалады. Ол Адам ата мен Хауа анаға қарапайым өсиет берді, алайда олар мойынсұнбаймыз деп шешті. Олар күнәларының кесірінен Құдайдан ажырап қалды. Олардың мойынсұнбаулары  барлығын күнә мен өлімнің қарғысына түсірді. Адамзатты құтқара алатын жалғыз Құдай ғана болды. Ол Өзінің сүйіспеншілігіне бола «Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді, енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.» (Жохан 3:16).

Құдай Ұлы

Иса Мәсіх Құдайдың Ұлы. Ол сәби болып дүниеге келді, Киелі Рухтың құдіретімен пәк таза қыздан туылды. Иса кәдімгі адамға сай өмір сүрді. Ол біздер іспетті, әзәзілдің түрлі арбауынан өтті, алайда ешқашан күнә жасамады. Иса адамдарды ауруларынан сауықтырып, жақсылық жасаумен болды. Ол оларға құтқарылу жайында, және Әкесінің сүйіспеншілігі жайында тәлім берді. Оның жер бетіне келуінің себебі, Өзін бүткіл әлемнің күнәсі үшін құрбандыққа беру болды. Иса күнә мен өзімшілдікке қарсы тәлім бергендіктен, діншіл адамдар Оған ренжулі болды. Олар Оны айқыш ағашқа шегелеткен билік иелеріне алып келді. Оның айқыш ағаштағы өлімінен кейін, шәкірттері денесін қабірге апарып қойды. Үшінші күні, Құдайдың құдіретімен, Иса өлімнен қайта тірілді. Ол көкке қайта оралардан бұрын Өзінің шәкірттеріне Құдай патшалығын қалай құру керек екендігін үйретті.

Құдай Киелі Рух

Қиелі Рух Құдай болмысының үшінші тұлғасы. Ол адамзатқа Құдайдың еркін ашып береді. Ол адамдардың жалған тәңірге табынғандары мен күнәларын әшкерелейді. Ол адамдарды Иса Мәсіхтің құрбандығын, күнәларынан ақталу ретінде қабылдауға шақырады. Тәңір Иса Мәсіхке сенген әркімге, Құдай Киелі Рухтың сиын береді. Ол өмірлік қиыншылықтарында кеңесші және ауртпалықтарда жұбатушы.  Ол адамдардың әділетсіздіктерін әшкерелейді, оларды шындық жолына жетелейді.

Киелі кітап

Киелі кітап Құдайдың Сөзі және Оның адамдарға деген жазба хаты. Бұл адам жасап шығарған кітап емес, алайда, бұрынғы кездегі киелі адамдар арқылы, Киелі Рухтың жетелеуімен жазылған кітап. Киелі кітап әлемнің және адамдардың жаратылысын сипаттайды. Ол барлығының күнә жасап Құдайдан ажырап қалғанын айтады. Ол барлығын күнәнің құлдығынан босата алатын құтқарылудың жолын түсіндіреді. Киелі кітап бізге әділ өмір сүруді және мәңгілікке қалай дайын болу керектігін үйретеді.

Мәсіхшілік өмір сүру

Мәсіхші болу үшін біз өзіміздің күнәһар екендігімізді түсінуіміз керек. Біз күнәмізді мойындауымыз керек және Тәңір Иса Мәсіхті Құтқарушымыз ретінде қабылдауымыз қажет. Өмірімізді Құдайға бергендіктен, Ол бізді Киелі Рухына толтырады. Бізде өмір сүретін Рухтың құдіреті бізді басқаларды сүйіп оларды кешіре алатындай етеді. Мәсіхші жүрегін таза сақтауға тырысып, шынайы және әділ болуға ұмтылады. Біз құлаған кезде, Киелі кітап былай деп уәде береді: « Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады. (Жоханның 1-хаты 1:9)

Өмір аяқталғаннан кейін

Киелі кітап бізді жанның баруы мүмкін екі бағыты жайында үйретеді, ол аспан немесе тозақ. Біз қайтыс болған кезде, жанымыз денені қалдырып Құдайдың соңғы сотын күтеді. Қиямет соты уақытында құтқарылғандар көкке шықырылады. Құдайдан бас тартқан барлығы тозаққа тасталады. Тозақ өте сұмдық жер. Бұл Әзәзіл және оның періштелеріне дайындалған  түбі жоқ жанып жатқан от. Исаның даусына құлақ аспай, өз еркінше күнәлі өмір сүрген әркім, мәңгілікте үмітсіз өртенумен болады.

Аспан Құдайдың мекені. Ол мүлтіксіз тыныштық пен Құдай дайындап қойған ең тамаша тынығу орны. Аспанда енді ешқандай азап пен қиналу, аштық пен ауру болмайды. Бұл күнәдан бас тартып, Исаны Құтқарушы ретінде қабылдаған барлығына арналған мекен. Ол жерде құтқарылғандар Құдайға ән айтып Оны мәңгі мадақтайды.