Мен құтқарылу үшін не істеуім керек?

Әркім өзіне мынадай маңызды сұрақ қоюы керек: «Мен құтқарылу үшін не істеуім керек?» Көптеген адамдар өздерінің құтқарылғандығына сенеді, бірақ Иса былай дейді: «Маған: «Мырза, Ие!» дейтін әркім емес, көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Оның Патшалығына кіре алады» (Матай 7:21). Құтқарылу үшін Мәсіх біздің күнәларымызды кешіретініне сену керек. Сөйтіп біз күнәларымызға өкініп, қасиетті өмір сүріп, бір-бірімізді сүюіміз керек. Көптеген діндерден көптеген ілімдер тарағандықтан, «шындық деген не?» - деген сұрақ туындауы мүмкін.

“Қайта туылу” деген нені білдіреді?

Көптеген адамдар қайта туылуды басынан кешірмей-ақ Иемізге қызмет етуге тырысады, бірақ олар құтқарылған ба? Иса: «кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығын көре алмайды», - деген (Жохан 3:3). Иса осы дүниеден кеткенде, Киелі Рухты жіберді. «Құдай Рухы келген соң, Ол осы дүниенің күнәсінің, Менің әділдігімнің және Құдайдың сотының қандай екендігіне адамдардың көздерін жеткізеді» (Жохан 16:8). Киелі Рух адамдарға күнәкар екендіктері жайында түсінік береді. Адам өзінің күнәларының ауыртпалығын сезіне бастағанда, ол жүрегінде айыпталатын болады. Егер ол өзін кішірейтіп, Исаға деген сенімі арқылы Құдайға шын жүректен жалбарынса, онда Құдай оны кешіреді. «Сондықтан теріс жолдан қайтыңдар! Сонда Құдай Ие күнәларыңды кешіреді» (Елшілердің істері 3:19). Тәубеге келу күнәларына өкінуді, олардан бас тартуды және жаңа өмір жолына көшуді білдіреді. Бұл орындалған кезде, Киелі Рух жүрекке енеді және адам қайтадан туылады. «Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!» (Қорынттықтарға 2-хат 5:17).

Бұл жаңа туылу кімге керек?

«Бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды.» (Римдіктерге 3:23). Киелі Рухтың жетелеуімен Ишая пайғамбар Иеміз Исаның адамзаттың күнәлары үшін азап шегетінін алдын ала айтқан. Ол былай деді: «Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік» (Ишая 53:6). Иса шындықты іздейтін Нікөдемге, ол қайта туылмайынша, Құдай Патшалығын көре алмайтындығын нақты айтқан. Бұл рухани туылу - бұл Киелі Рухтың жұмысы. Құтқарылғысы келетіндердің бәрі осы туылуды басынан өткеруі керек.

Күнәнің ауыртпалығынан қамығып, шаршап-шалдыққандардың бәрі Исаға келіп, кешірім сұрауға шақырылады. Иса былай деп шақырады: «Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, Еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің, Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін! Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен, Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен,Тыныштық табады сонда көңілдерің. Себебі ыңғайлы — қамытым Менің, Әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім» (Матай 11:28-30). Иса азап шегіп, қанын төкті және айқышта «өзіміздің ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттың да күнәлары үшін» өлді (1 Жохан 2:2).

Тәубеге келу

Мына сөзді жалғастырыңыз: Мен құтқарылу үшін не істеуім керек?

Тәубеге келу, мойындау және қалпына келтіру - бұл Иеміз Исаға шын жүректен, жан-дүниемізбен, ақыл-ойымызбен және күш-қуатымызбен келудің бір бөлігі. «Күнәларын жасырған жан өркендемейді, Оларын мойындап, бас тартқан рақым көреді» (Нақыл сөздер 28:13). «Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады» (1 Жохан 1:9). Егер біз өзгеге жамандық жасаған болсақ, онда күнәларымызды мойындап, мойынсұнуымыз керек және қажет болса шығынды қалпына келтіруіміз керек. «Зақай орнынан тұрып, Иемізге: - Мырза, мал-мүлкімнің жартысын кәріп-қасерлерге үлестіріп бермекпін. Егер біреуді алдап, ақысын жеген болсам, оны төрт есе артығымен қайтаратын боламын, - деді» (Лұқа 19: 8).

Сенім және мойынсұну

Қайта туылғаннан кейін, біз адал мәсіхшілік өмір сүруге тырысамыз. Иса соңынан ерушілерге былай деп нұсқау береді: «Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге дайын болып Менің жолыммен жүрсін!» (Матай 16:24). Сондай-ақ біз осы дүниенің арамдықтарынан аулақ жүруге шақырылғанбыз (Жақып 1:27). «Осы күнәлі дүниені және ондағы еш нәрсені сүймеңдер! Осы дүниені сүйгендердің көктегі Әкеге сүйіспеншілігі жоқ. Себебі осы дүниеге тән нәрселердің бәрі: күнәкар адамның құмарлықтары, көзінің қомағайлығы әрі тұрмысына мастануы көктегі Әкеден емес, осы дүниеден бастау алған» (Жоханның 1-хаты 2:15-16). 

Мәсіхші мұны Киелі Рухтың жетелеуімен жүргенде орындай алады. Киелі Рух Құдайға ұнамды өмір сүру үшін бағыт пен күш береді. «Алайда шындықты білдіретін Құдай Рухы келгеннен кейін сендерді бар шындыққа жеткізеді.» (Жохан 16:13). Бұл күш-жігердің нәтижесі өзгерген жүрекке әкеледі; мойынсұнуға әкелетін сенім өмірі. «Істегендері арқылы сенімі кемеліне жетті» (Жақып 2:22). Енді Мәсіхші өзі үшін өмір сүрудің орнына, Иса үшін өмір сүруде.

Киелі Рухтың тұрақты қатысуы мәсіхші жүрегіндегі терең сүйіспеншілікті шабыттандырады. Ол басқа да қайта туылған мәсіхшілермен қарым-қатынасты іздейді. Бұл қарым-қатынастың бірлігі бір-бірімен ашық бөлісуге жігерлендіреді. Бұл мәсіхшіге қолдау болады және оның рухани өсуіне көмектеседі.

Біз қайтадан туылғанда, есімдеріміз өмір кітабына жазылады. «Кімнің есімі «Мәңгілік өмір кітабында» жазылмаған болса, сол да тозақ отына лақтырылды» (Аян 20:15). Біздің күнәларымыз кешірілді, сондықтан жүрегімізде қуаныш пен тыныштық сезінеміз. Шайтан бізді бағынбауға азғыру арқылы бізді құтқару сыйынан айыруға тырысады, бірақ егер біз адал болып қалсақ, Құдай бізді қорғап, құтқаруға уәде берді. «Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді» (Римдіктерге 8:1). «Құдайшылдық барлық нәрсеге тиімді, өйткені онда қазіргі және болашақ өмір туралы уәде бар» (Тімотеге арналған 1-хат 4: 8).

 

Бізге хабарласыңыз

Кітапшаларға тапсырыс беру

Естуге тұрарлық ең жақсы хикая

Bible and Candle

Бір кездері осы әлемде еш нәрсе болмаған.

Балықтар да болмады.

Аспанда жұлдыздар да болмады.

Мына сөзді жалғастырыңыз: Естуге тұрарлық ең жақсы хикая

Өзендер мен әдемі гүлдер де болмады.

Барлығы бос және қараңғы болды.

Алайда Құдай бар болды.

Құдайдың тамаша жоспары болды. Ол тамаша әлем жайлы ойланды, және ойлау барысында оны жаратты. Ол барлығын жоқтан жаратты. Құдай барлығын жаратқанда, Ол тек «былай болсын» - деді, және бұл солай болды!

Ол жарықты жаратты. Ол өзендер мен көлдерді, жер жамылған көк шөпті, жануарларды, құстарды, және ағаштарды жаратты.

Ең соңында, Ол адамды жаратты, және адамға арнап әйел жаратты. Олардың аттары Адам мен Хауа болды.

Құдай оларды қатты жақсы көрді. Ол олардың өмір сүріп жатқан сүйкімді бақтарына күн сайын кешкі салқында келіп тұратын.

Құдай тиым салған бір ағаштан басқа, бақтағының барлығы олардың рақаттануы үшін берілді.

Адам мен Хауа Құдайдың қас жауы Шайтанның оларды азғырардан бұрын бақытты өмір сүріп жатты. Олар Құдай тиым салған ағаштың жемісінен жеуге шешім қабылдады. Олар күнә жасады. Олар бірінші рет ұят пен көңілсіздікті сезінді.

Олар енді Құдаймен сөйлесе алмады. Енді олар ауыртпалық пен қасірет шегетін болады. Және олар бір күні өлуге тиіс болады. Олар сондай қайғылы болды.

Құдай көмектесуге уәде берді. Дұрыс уақыты келгенде, Ол Өзінің Ұлы Исаны жер бетіне жіберетін болады. Иса аспаннан жерге келіп күнәнің кешірілуіне жол жасайтын болады. Осыны орындауда Ол адамдар үшін азап шегіп құрбан болады. Олар Құдайдың Құтқарушы жіберетінін естігенде сондай қуанышты болды.

Адам мен Хауаның балалары және немерелері болды. Уақыт өте келе әлемде көптеген адамдар өмір сүретін болды.

Құдай барлығының бақытты болғанын қалады. Ол оларға не істеу керектігін айтты. Құдайдың берген өсиеттері мыналар:

  1. Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын!
  2. Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама!
  3. Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!
  4. Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол!
  5. Ата-анаңды сыйла!
  6. Кісі өлтірме!
  7. Неке адалдығын бұзба!
  8. Ұрлық жасама!
  9. Ешкімді бекерге айыптама!
  10. Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба! Оның әйеліне, құл-күңіне, өгіз-есегіне, не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба! (Мысырдан көшіп шығу 20:3-17).

Бұлардың барлығы киелі кітапта жазылған, сондақтан біз де оларды оқи аламыз. Егер біз осыларға мойынсұнсақ, онда бақытты боламыз.

Шайтан біздің соларға бағынғанымызды қаламайды. Кейбір кезде, ешкім көрмей тұрғанда, ол бізді ұрлық жасауға итермелейді. Бірақ Құдай соны біледі. Құдай барлығын көреді.

Кейбір кезде Шайтан бізді бұл жайында ешкім біліп қоймайды деп ойлап өтірік айтуымызға еліктіреді. Құдай соны біледі. Ол барлығын естиді.

Біз осындайларды істегенде ішімізден өзімізді жаман сезінеміз. Құдай бізді сүйеді және біздің жақсы болуымызға көмектескісі келеді. Сол себепті Ол Исаны жер бетіне жіберді. Құдай Өз уәдесінде тұрды. Көптеген жылдардан кейін, Иса кішкентай сәби болып дүниеге келді.

Ол есейіп ер жетті.

Ол көптеген керемет істер жасады. Ол ауруларды сауықтырды. Ол соқырлардың көзін көретін етті. Ол балаларға батасын берді.

Иса еш нәрсені қате істеген жоқ. Ол адамдарға Құдай жайында және Оған қалай мойынсұнуға болатындығын айтты.

Біраз уақыттардан кейін Исаның жаулары Оны айқышқа шегелетті. Ол өлді.

Ол барлық адамзаттың, тіпті өзін шегелегендердің күнәлары үшін азапталып өлді.

Иса қабірге қойылды. Алайда бұдан кейін керемет жайт орын алды. Ол сол қабірде қалып қойған жоқ. Ол өлімнен қайта тіріліп кетті.

Кейін Құдай Оны бұлттармен көкке қайта алып кетті. Оның достары Оның кетіп бара жатқанына қарап тұрғанда, Періште оларға Исаның қайтып келетіні жайында айтты.

Иса біздің де күнәларымыз үшін өлді. Ол біздің күнәларымызға өкініп тәубеге келгенімізді қалайды. Ол бізді кешіруге дайын.

Біз Құдайға қай кезде болса да мінәжат ете аламыз. Ол барлық сөздерді естіп барлық ойларды біледі. Біздің күнәларымыз кешірілгенде Ол бізді бақытты етеді. Сонда біз дұрыс нәрсені істегіміз келетін болады. Сонда біз мейірімді болғымыз келетін болады.

Біз Құдайды тыңдамай Шайтанның соңынан ереміз деп шеше аламыз. Бірақ Құдайдың сөзі бойынша, егер біз осы өмірде Одан бас тартатын болсақ, Ол бізді тозаққа лақтыратын болады делінген. Тозақ мәңгі сөнбей жанып тұратын оттың жері.

Алайда, егер біз Исаны сүйіп Оған мойынсұнсақ, Ол қайтып оралғанда бізді көкке алып кететін болады. Аспан Құдайдың және Оның Ұлы Исаның тамаша үйі. Ол сүйіспеншілік пен жарықтың үйі. Ол жерде біз әрдайым бақытты боламыз.

Бізге хабарласыңыз

Кітапшаларға тапсырыс беру

Түнектің күші

Құдайдың Сөзінің жарығымен Шайтанның тактикасын анықтау

Киелі кітаптың мақсаты Шайтанға және оның жұмысына көңіл аудару емес. Дегенмен, біз Киелі кітаптың оның мінезі мен әрекеттерін әшкерелегенін көптеп көре аламыз.

Шайтан бір кездері періште болған, бірақ ол өзінің жаратушысы Құдайға қарсы шықты, және Ол сияқты болғысы келді. Шайтанның түнек патшалығының тәжирибесі жаңа емес. Құдай патшалығымен бәсекелесуге күш салуы бұрынғы заманнан бері келе жатқан белгілі жайт. Ол Құдайдың Киелі Рухы арқылы жүзеге асырылатындардың баламасын ұсынады.

Мысырдан көшіп шығу жазбасында Мысырлық сиқыршылардың Құдайдың Мұсаның қолымен істеген кереметтерін қайталауға тырысқан күші жайында оқимыз. Әйүп кітабында, Шайтан Әйүптің Құдайға деген адалдығына үлкен қызғанышпен қарағанын көреміз. Ол Әйүпті Құдайдан бас тартқызу мақсатында қатыгездік пен қастандықты қолданды.

Шайтанның қолданатын әдістері былай сипатталады: қорқыныш, қоқан-лоққы, ләзат пен күш беруге уәде, үрейлендіру, және күдік келтіру. Оның бізге көрсететін алғашқы нәрселері өте қызықты және еліктіргіш болып көрінеді. Ол: «Сен болашақты білгің келеді ме? Немесе, ешкім ие бола алмайтын көрегендікке ие болғың келеді ме?» - деп ұсынады. Ол ғылымнан тыс ем түрлерін ұсынуы мүмкін. Астрология мен балгерлік, алғашында зиянсыз болып көрінуі мүмкін, алайда жуырда бұған сиқыр сөздер немесе формулалар қосылады, кейбір арнайы күндерді сақтау және сәтсіз сандардан қорқыныш туындайды. Біздің үстімізден билігі болуы мүмкін рухтарды құрметтеп олардан қорқу керек  деген түсінік енгізіледі. Осылайша Шайтан аңғал адамдарды өзінен және оның жындарынан қорқуға арбайды.

Тым көп адамдар бастапқыда мүлдем зиянсыз болып көрінетін нәрселерге еліккендіктен тұзаққа түсіп қалды. Уидж тақташасын тәжірибелеп, жұлдызнама, алақанды оқу, және басқа да қөптеген осы сияқты тәжірибелер арқылы, олар өздерін ары қарай қинайтын рухтарға әлсіз етті.

Шайтанның мақсаты Мәсіхшінің Құдайға деген сенімін қиратып толығымен бұзу. Мәсхші Иса Мәсіхке, және тек Соған ғана сенім артқанда жеңіске жете алады. Белгісіз нәрселерді білуге деген қалау немесе билікке ие болуға деген құштарлық адамды кейбір кезде Шайтанның құзырлығындағы нәрселермен айналысуға итермелейді. Құдайға деген қарапайым сенім арту белгісіздікке байланысты тыныштық беріп, Мәсіхтің құдіретіне сенімді етеді.

Мына сөзді жалғастырыңыз: Түнектің күші

Жай ғана қызығушылықтан немесе тәжірибелеуден бастау алған нәрсе, біртіндеп адамды үрейдің, жаман нәрсе болып қалады ма деген қорқыныштың, үстемдірек күштерден деген қорқыныштың, басқа адамдардан және Шайтанның өзінен деген қорқыныштық  тұзағына түсіреді. Бұл қорқыныш осындай күмәнді тәжірибелерге қатысуға өзі жол берген адамды баурап алады. Осы қорқынышқа жауап ретінде Шайтан бұған қарсы ем бар деп сендіреді. Ол егер адам өзін бір жораға беріп немесе белгілі бір шарттарды орындаса көбірек күшке ие болады деген ұсыныс береді. Басқа рухтардан деген қорқыныштан арылудың жолы бағышталғанда немесе жеке күшіміз көбірек  болғанда, деп айтады ол. Сөйтіп, адам тыныштықтың биік деңгейіне жеткізудің орнына шайтанның бітпейтін жексұрындықтың бұралымының түбіне алып келетін биліктің деңгейлерінің ретімен танысады. Шайтан ұсынатын қауіпсіздік осылайша қол жетімсіз болып шығады, өйткені ол әлі де өзінен биік тұрған зұлым күштен қорғанның керектігімен ауысып отырады. Бұл сатанизмнің жүйесі.

Шайтанның жоспары Құдайды ысырып тастау. Шайтан мадақталуға емес, мадақтау айтуға жаратылған еді. Ол ең жоғарғы күш иесі емес, ол Құдайдың Тоқтысын жеңе алмайды, ол қорған бере алмайды, ол біздің саулығымызды ойламайды. Соған қарамастан, ол адамдарды өзіне бағынышты ету үшін үстінен билік жүргізуді тәжірибелей беруде. Ол Құдайға және Оның патшалығына деген сенбеушілікті тудыруға тырысуда. Ол иесі өзі болатын ұйым құруға тырысуда. Бұл қорқыныш жүйесі және күштердің елесі арқылы дамуда. Ол адамдардың саналарын баурап алу мақсатында керемет істер жасайды (Қорынттықтарға арналған екінші хат 11:14-15). Осы жүйенің нәтижесі  адамдардың, отбасылардың, үкіметтердің тыныштығы мен қорғандарының жойылуы болмақ. Қашып кетуге тырысқан адамдарды қауіп-қатер туғызу арқылы ұстап қалады.

Шайтан сіздің ең зұлым, ең жауыз, ең қастан, ең сұмдық жауыңыз. Ол толығымен арсыз. Ол өтірікші. Оның ішінде бір де бір шындық жоқ – «Әзәзіл өтірікті өз болмысына сай айта береді, себебі ол — өтірікші, өтіріктің бастауы». (Жохан жазған Ізгі хабар 8:14) Ол кісі өлтіруші, қиратушы. Ол жек көрушілік пен зұлымдықтың нағыз өзі. Ол ешқандай ақтайтын жақсылығы жоқ тұла бойын толығымен зұлымдық басқан.

Шайтан барлық зұлымдық атаулының арандатушысы. Ол үшін қылмыс, күнә, тым зұлым немесе тым жексұрын деген нәрсе мүлдем жоқ. Ол барлық жек көрушіліктің, барлық қылмыстың, балалар мен әйелдерге келтірілетін қиянаттың, есірткіге салынудың, адамгершіліксіздіктің, отбасылардың құртылуының, барлық жанжалдың, барлық сиқырлықтың, барлық әділетсіздіктің себепшісі. Ол адамды зұлым сезімге беріліп қылмыс пен зұлымдықты жасатудан, бұзылған және азғын адамдардың қолымен жазықсыз адамдарға қарсы қылмыс жасаудан рахат табады. Ол аяусыз және кешірімсіз. Азапталушылық оның жанашырлығын тудырмайды. Қан төгу мен өлтіру оның мақсатына жетудегі құралы. Ол «ұрлап, өлтіріп, құрту» үшін келді. (Жохан жазған ізгі хабар 10:10)

Шайтанның мәңгілік тағдыры әлдеқашан шешіліп қойылды. Ол үшін және оның жындары үшін мәңгі өшпейтін оттың жері дайындалған.  (Матай жазған ізгі хабар 25:41) Ол қолынан келгенше не ғұрлым көбірек адамдарды өзімен бірге осы азапта бірге қиналу үшін алып кетуді көздейді. Ол осыған біздің Құдайға деген сенімімізді әлсіретіп ақырында сенімімізді жою арқылы қол жеткізе алатынын біледі. Ол мұны ашық түрде Құдайдың сөзіне қарсы шықса да, немесе шеберлікпен жылы, аңғал, жүгенсіз Мәсіхшілікті еліктірсе де, іске асырады.

Шайтанның тұзағынан алып шығатын жол бар. Ол сіздің сол жерден шығуға мүлдем жол жоқ деп сенгеніңізді қалайды. Киелі кітап бізге Исаның тұтқындарды бостандыққа шығаруға келгендігі жайында айтады. Ол өмір беру үшін келді. Иса жол, шындық, және шынайы өмір. (Жохан жазған ізгі хабар 14:6) Иса жер бетінде өмір сүрген уақытында шайтанның азғындықтарынан бас тартуы арқылы және Құдайдың Сөзімен зұлым рухтарды қуып шығуы арқылы Шайтанның үстінен Өзінің билігін көрсетті. (Матай жазған ізгі хабар 4:1-11; Марқа жазған ізгі хабар 9:25-26) Иса Өзінің айқыш ағаштағы өлімі арқылы және Өзінің өлімнен қайта тірілуі арқылы Шайтанның күшін жеңді.

Біз осы жеңісті өзімізге қолданып жанымыздың қас жауын жеңе аламыз ба? Біріншіден, біз Шайтанның тұзағына түсіп қалғанымызды және одан келген қорқыныш арқылы байланып тұрғанымызды түсінуіміз керек. Біз бұның күнә екендігін және осылай қала берсек жоғалып кететінімізді мойындауымыз керек. Біз өзімізді өзіміз шайтанның тұзағынан шығара алмайтынымызды білгендіктен, бізді құтқаруын сұрап барлық жүрегімізбен Құдайды шақыруымыз керек. Біз күнәмізге өкініп және одан бас тартуымыз керек. Біз Иса Мәсіхтің біздің күнәларымыз үшін төгілген өтем беретін қанын сеніммен қабылдауымыз керек. Біз өзімізді Құдайға бағыштап, Оның кешірімін қабылдап және Оның Сөзіне адалдықпен мойынсұнуымыз керек. Біз осындай жағдаймен кездескендіктен Ол бізге Өзімен тыныштық береді, жүрегіміздегі жайсыздықты тынышталдырады, біздің күнәларымызды кешіреді, бізге жаңа болмыс беріп бізді Өзінің балаларының бірі етеді. Қайтадан туылудың мағынасы осы. Құдайдың шақыруынан бас тартқан әркім әлі де шайтанның патшалығында қала береді, ал ол айлакер ақыр соңында сондай адамды өзімен бірге мәңгілік азапқа алып кетеді.

Егер сіз Құдайдың сізге деген жоспарын түсінбеген болсаңыз, Құдайдың Сөзін оқып үйреніңіз, Оған жүрегіңізбен ашық мінәжат етіңіз, сонда Ол сізге жол көрсетеді. Құдай сізді Өзіне шақыруда, және сіздің шайтанның тұзағынан құтылып кеткеніңізді қалайды. Құдай сізді жарылқасын. Забур жырлары 90-ды оқыңыз.

Қосымша жазбаларға сілтемелер:

Лұқа жазған ізгі хабар 11:20-23 .......Шайтаннан Құдіретті Біреу

Римдіктерге арналған хат 6:20-23 .... Күнәдан азат болу

Ишая 61:1 ............. Тұтқындарға бостандық

Римдіктерге арналған хат 8:1-2......... Айыпталудан азаттық

Бізге хабарласыңыз

Кітапшаларға тапсырыс беру