Өлімнен Кейін

Дәл қазіргі сәтте сіз тірісіз, тыныс алудасыз, қозғалыстасыз немесе жұмыс жасаудасыз. Мүмкін сіз, жайлы өмір сүрудесіз, немесе мұқтаждықта боларсыз. Күн шығып және қайтадан батуда, бір жерде сәби дүниеге келуде, алайда сонымен қатар басқа бір жерде, біреу әрдайым қайтыс болуда.

 

БАРЛЫҚ ӨМІРІМІЗ ТЕК

УАҚЫТША ТҰРАҚТАЙТЫН ЖЕР.

АЛАЙДА,

СІЗ ӨЛІМНЕН КЕЙІН ҚАЙДА БАРАСЫЗ?

 

Сіз діншіл болсаңыз да, немесе ешқандай ілімге сенбейтін болсаңыз –

Сізге қайткен күнде де осы ең маңызды сұрақты шешуіңіз керек,

Өйткені қамшының сабындай қысқа өмірде, адамдар өзінің мәңгі тағдырына барады. (Уағыздаушы 12:5)

СОНЫМЕН ҚАЙДА?

Сіз қойылатын бейіт сіздің жаныңызды көміп тастай алмайды. Тіпті денеңіз кремация өртінде өртелсе де, ол өрт сіздің жаныңызды жалмап қоя алмайды. Егер сіз теңізге батып қаза болған болсаңыз да, сіздің жаныңыз еш батпайды.

 

СІЗДІҢ ЖАНЫҢЫЗ ЕШ ҚАЗА БОЛМАЙДЫ!

АСПАН МЕН ЖЕРДІҢ ҚҰДАЙЫ БЫЛАЙ ДЕГЕН:

«БАРЛЫҚ ЖАНДАР МАҒАН ТИЕСІЛІ»

 

Сіздің жаныңыздың бір бөлігі, «нағыз сіз» сіздің денеңіз бар кезде (осы өмірде) жасаған істеріңіздің нәтижесін қабылдайтын болады – жақсы немесе жаман болса да. Еврейлерге арн. Хат 9:27 оқыңыз. 

 

Сіз шынайы табынуыңыз мүмкін

Сіз барлық  жаман істеріңізге өкінуіңіз мүмкін

Сіз ұрланған нәрсені қайта қалпына келтіруіңіз де мүмкін.

Әрине бұлардың барлығы маңызды –

Алайда –

 

Сіз өз күнәңізді өзіңіз өтей алмайсыз.

 

Аспанның Құдайы, бүткіл әлемді әділ Соттаушы сіздің күнәларыңыз және өміріңіз жайында біледі – Оның назарынан ешнәрсе жасырын қалмайды. Сіз өз күнәңізбен болашақ өмірдің рақаты мен даңқына ешқашан кіре алмайсыз.

Алайда осы Аспанның Құдайы сонымен қатар сүйіспеншіліктің Құдайы. Ол сіздің өміріңіз бен жаныңыздың құтқарылуы үшін жол дайындап қойды. Сіз, мәңгілік өлім мен тозақтың отына лақтырылуға тиісті емессіз. Құдай Исаны осы әлемге сіздің жаныңызды құтқаруға жіберді. Иса сіздің күнәларыңызды Ғолғотадағы айқыш ағашта азапталып өлген кезде Өзінің мойнына алды. Құдай аспандағы бар ең жақсыны сіздің күнәларыңыз үшін құрбан етті. «Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз (рухани дертімізден) сауықтық.(Ишая 53:5) Осы сөздер Исаның жерге келерінен көптеген жыл бұрын Ол жайында пайғамбарлық етілген болатын.

Исаның сізді сүйетініне сенесіз бе? Мінажат етіп Оның алдында күнәларыңызды мойындайсыз ба? Тәубеге келіп, Тірі Құдайдың Ұлы Исаға сенесіз бе? Оған толығымен бағышталсаңыз, Ол сіздің жаныңызға тыныштық алып келеді және өлімнен кейінгі жарқын өмірді силайды. Тек осыдан кейін ғана, сіз қуанышқа толы мәңгілік үйіңіздің және жаныңыздың жай табатынына сенімді бола аласыз.

Ал жан түршіктіретінін айтсақ. Осы өмірде Исаның құтқаратын сүйіспеншілігінен бас тартқандардың алдында өлім мен шексіз жанып тұрған от күтуде. Өлімнен кейін ешқандай бұрылыс пен құтқарылу болмайды. «Бұдан кейін Патша Өзінің сол жағындағыларға да былай деп үкім шығарады: - Менен аулақ кетіңдер, қарғыс атқандар! Шайтанға және оның хабаршыларына дайындалған мәңгілік тозақ отына түсіңдер!» (Матай 25:41) «Енді мына түкке тұрғысыз қызметшіні сыртқа, қара түнекке лақтырып тастаңдар! Сонда ол зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады.» (Матай 25:30)

Құдай, Киелі кітапта, бүткіл әлемнің соңғы сотты келе жатқанын ескертеді. Осы Киелі жазбаларда, осындай айрықша Сот күнінің алдында айқын және ерекше белгі болатыны жайында пайғамбарлық етіледі.

Ол келер алдында соғыстар және соғыс жайындағы сыбыстар, апаттар, халықтардың абыржуы болады. Халықтар бір-біріне қарсы соғысқа шығып келіспеушіліктерді және өзгеше пікірлерін шешудің жолын таба алмайды.

Түрлі жерлерде жер сілкіністері орын алады және індеттер тарай бастайды. Киелі кітап бізге зұлым адамдардың одан сайын зұлым бола бастайтынын айтады. Сондай-ақ, адамдар ескертулерге мән бермей Құдайдан көрі ләзаттануды жақсы көретін болады. Қазіргі кездің өзінде, біз осындай пайғамбарлық сөздің орындалып жатқанының куәгерлері емеспіз бе? Матай жазған ізгі хабар 24:6-7, 12 және 2Тімөтеге арн. хат. 3,4 қараңыз.

Ескере кететін жайт, әділ және ұлы Соттаушымызға біздің қазіргі байлығымыз немесе жоқшылығымыз, әйгілілігіміз немесе масқаралығымыз, түсіміз немесе нәсіліміз, қоғамдық дәрежеміз немесе іліміміз еш ықпал ете алмайды. Бір күні біз өзіміздің Ұлы Жаратушымыз және Тәңіріміздің алдында, ісімізге қарай сотталу үшін тұратын боламыз. Матай 25:32-33 оқыңыз.

Алдымыздағы шегі жоқ мәңгілікте уақыт сағаты болмайды, жылдық күнтізбе, және жүз жылдық есептеу де болмайды. Күнәкарлар мен қылмыскерледің азаптарының түтіні мәңгілікке түтеліп тұрады – сол сәтте қуаныш, әндетулер, шаттық, және құтқарылғандардың жайлылығы аспанда шексіз жалғасады. Өз таңдауыңызды қазір жасаңыз! Жуырда бұл тым кеш болуы мүмкін, «Қараңдар, қазір құтқарылу қабылдайтын күн» (2Қорынт.6:2, Матай 11:28-30)

0
0
0
0