Естуге тұрарлық ең жақсы хикая

Bible and Candle

Бір кездері осы әлемде еш нәрсе болмаған.

Балықтар да болмады.

Аспанда жұлдыздар да болмады.

Өзендер мен әдемі гүлдер де болмады.

Барлығы бос және қараңғы болды.

Алайда Құдай бар болды.

Құдайдың тамаша жоспары болды. Ол тамаша әлем жайлы ойланды, және ойлау барысында оны жаратты. Ол барлығын жоқтан жаратты. Құдай барлығын жаратқанда, Ол тек «былай болсын» - деді, және бұл солай болды!

Ол жарықты жаратты. Ол өзендер мен көлдерді, жер жамылған көк шөпті, жануарларды, құстарды, және ағаштарды жаратты.

Ең соңында, Ол адамды жаратты, және адамға арнап әйел жаратты. Олардың аттары Адам мен Хауа болды.

Құдай оларды қатты жақсы көрді. Ол олардың өмір сүріп жатқан сүйкімді бақтарына күн сайын кешкі салқында келіп тұратын.

Құдай тиым салған бір ағаштан басқа, бақтағының барлығы олардың рақаттануы үшін берілді.

Адам мен Хауа Құдайдың қас жауы Шайтанның оларды азғырардан бұрын бақытты өмір сүріп жатты. Олар Құдай тиым салған ағаштың жемісінен жеуге шешім қабылдады. Олар күнә жасады. Олар бірінші рет ұят пен көңілсіздікті сезінді.

Олар енді Құдаймен сөйлесе алмады. Енді олар ауыртпалық пен қасірет шегетін болады. Және олар бір күні өлуге тиіс болады. Олар сондай қайғылы болды.

Құдай көмектесуге уәде берді. Дұрыс уақыты келгенде, Ол Өзінің Ұлы Исаны жер бетіне жіберетін болады. Иса аспаннан жерге келіп күнәнің кешірілуіне жол жасайтын болады. Осыны орындауда Ол адамдар үшін азап шегіп құрбан болады. Олар Құдайдың Құтқарушы жіберетінін естігенде сондай қуанышты болды.

Адам мен Хауаның балалары және немерелері болды. Уақыт өте келе әлемде көптеген адамдар өмір сүретін болды.

Құдай барлығының бақытты болғанын қалады. Ол оларға не істеу керектігін айтты. Құдайдың берген өсиеттері мыналар:

  1. Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын!
  2. Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама!
  3. Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!
  4. Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол!
  5. Ата-анаңды сыйла!
  6. Кісі өлтірме!
  7. Неке адалдығын бұзба!
  8. Ұрлық жасама!
  9. Ешкімді бекерге айыптама!
  10. Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба! Оның әйеліне, құл-күңіне, өгіз-есегіне, не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба! (Мысырдан көшіп шығу 20:3-17).

Бұлардың барлығы киелі кітапта жазылған, сондақтан біз де оларды оқи аламыз. Егер біз осыларға мойынсұнсақ, онда бақытты боламыз.

Шайтан біздің соларға бағынғанымызды қаламайды. Кейбір кезде, ешкім көрмей тұрғанда, ол бізді ұрлық жасауға итермелейді. Бірақ Құдай соны біледі. Құдай барлығын көреді.

Кейбір кезде Шайтан бізді бұл жайында ешкім біліп қоймайды деп ойлап өтірік айтуымызға еліктіреді. Құдай соны біледі. Ол барлығын естиді.

Біз осындайларды істегенде ішімізден өзімізді жаман сезінеміз. Құдай бізді сүйеді және біздің жақсы болуымызға көмектескісі келеді. Сол себепті Ол Исаны жер бетіне жіберді. Құдай Өз уәдесінде тұрды. Көптеген жылдардан кейін, Иса кішкентай сәби болып дүниеге келді.

Ол есейіп ер жетті.

Ол көптеген керемет істер жасады. Ол ауруларды сауықтырды. Ол соқырлардың көзін көретін етті. Ол балаларға батасын берді.

Иса еш нәрсені қате істеген жоқ. Ол адамдарға Құдай жайында және Оған қалай мойынсұнуға болатындығын айтты.

Біраз уақыттардан кейін Исаның жаулары Оны айқышқа шегелетті. Ол өлді.

Ол барлық адамзаттың, тіпті өзін шегелегендердің күнәлары үшін азапталып өлді.

Иса қабірге қойылды. Алайда бұдан кейін керемет жайт орын алды. Ол сол қабірде қалып қойған жоқ. Ол өлімнен қайта тіріліп кетті.

Кейін Құдай Оны бұлттармен көкке қайта алып кетті. Оның достары Оның кетіп бара жатқанына қарап тұрғанда, Періште оларға Исаның қайтып келетіні жайында айтты.

Иса біздің де күнәларымыз үшін өлді. Ол біздің күнәларымызға өкініп тәубеге келгенімізді қалайды. Ол бізді кешіруге дайын.

Біз Құдайға қай кезде болса да мінәжат ете аламыз. Ол барлық сөздерді естіп барлық ойларды біледі. Біздің күнәларымыз кешірілгенде Ол бізді бақытты етеді. Сонда біз дұрыс нәрсені істегіміз келетін болады. Сонда біз мейірімді болғымыз келетін болады.

Біз Құдайды тыңдамай Шайтанның соңынан ереміз деп шеше аламыз. Бірақ Құдайдың сөзі бойынша, егер біз осы өмірде Одан бас тартатын болсақ, Ол бізді тозаққа лақтыратын болады делінген. Тозақ мәңгі сөнбей жанып тұратын оттың жері.

Алайда, егер біз Исаны сүйіп Оған мойынсұнсақ, Ол қайтып оралғанда бізді көкке алып кететін болады. Аспан Құдайдың және Оның Ұлы Исаның тамаша үйі. Ол сүйіспеншілік пен жарықтың үйі. Ол жерде біз әрдайым бақытты боламыз.

0
0
0
0